ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Санитар дәрігерлер қазақстандықтарға үндеу жасады

Санитар дәрігерлер қазақстандықтарға үндеу жасады

Медицина 22.12.2022, 09:32 1,545
Санитар дәрігерлер қазақстандықтарға үндеу жасады
Сурет: News18
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елде шошқа тұмауы - H1N1 таралып жатқанын хабарлады.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елде шошқа тұмауы - H1N1 таралып жатқанын хабарлады.


Қазір елімізде жедел респираторлық вирустық инфекциялардың және тұмауға қарсы вакциналардың штамдық құрамына кіретін A (H1N1), A (H3N2) және В тұмау вирустары тарап жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.



Жалпы алғанда, Қазақстанда 2,1 миллион жедел респираторлық вирустық инфекция және 1834 тұмау жағдайы тіркелді. Өткен жылмен салыстырғанда, ЖРВИ ауруының 20% өскені байқалады. Аурудың өсуі барлық аймақтарда байқалады және 65% 14 жасқа дейінгі балаларда кездеседі.



Алдағы мерекелер мен балалардың демалысын ескере отырып, санитар дәрігерлер қазақстандықтарға тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алудың негізгі шараларын еске салды:


Науқас адамдармен қарым-қатынасты шектеңіз, олардың оқшаулануын қамтамасыз етіңіз.


Адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе, жабық кеңістіктерге баруды шектеңіз. Жөтелгенде және түшкіргенде аузыңызды және мұрныңызды майлықпен жабыңыз, айқайламауға, түкірмеуге, құшақтамауға немесе сүймеуге тырысыңыз. Өйткені шырыш пен қақырық тамшылары -  инфекцияның негізгі көзі.


Бөлмені жүйелі түрде желдетіңіз, үй-жайларды жиі ылғал түрде тазалаңыз, жалпы қол тиетін объектілерді (есік тұтқалары, кран және т.б.) үнемі сүртіңіз.


Вирусқа қарсы майлар, иммунокоррекциялық препараттар, мультивитаминдерді қолданыңыз. Пияз, сарымсақ, ашытылған қырыққабатты жеңіз.


Қолыңызды жиі және мұқият жуыңыз. Қолға гигиеналық немесе дезинфекциялық құралдар қолданыңыз.


Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тұмау мен ЖРВИ-дің негізгі белгілері туралы айтты:


тұмау кенеттен басталып, температура күрт жоғарылайды. Дене интоксикациясы болады (қалтырау, адинамия, бұлшық ет және бас ауруы, бүкіл дененің ауыруы, төс сүйегінің артында ауырсынумен бірге құрғақ жөтел);


кез келген басқа вирустық инфекциямен - ЖРВИ, аденовирустық инфекция және басқалары - әдетте катаральды симптомдар басым болады (мұрыннан су ағуы, тамақ ауруы және қалтырау).



Қазақстанда жыл сайын қазан-сәуір айларында жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаумен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі тіркеледі. Дүниежүзінде A (H1N1), A (H3N2) және В тұмауы вирустарының белсенділігінің артуы байқалады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.