ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Самұрық-Қазына» қоры ғылымды дамыту орталығын құр...

«Самұрық-Қазына» қоры ғылымды дамыту орталығын құрды

Әлеумет 25.05.2022, 10:57 1,254
«Самұрық-Қазына» қоры ғылымды дамыту орталығын құрды
Сурет: Almaty.tv
Орталық қазақстандық ғалымдардың шетелдік әріптестермен өзара іс-қимылы шеңберінде ақпарат алмасуға жетекшілік жасайды.

Орталық қазақстандық ғалымдардың шетелдік әріптестермен өзара іс-қимылы шеңберінде ақпарат алмасуға жетекшілік жасайды.


«Самұрық-Қазына» АҚ «Center for Scientific and Technological Initiatives Ltd.» - Ғылыми-технологиялық бастамалар орталығын құрды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап. 


2022 жылғы сәуірде «Астана» халықаралық қаржы орталығында жаңа ұйым тіркелді. Орталықтың міндеті – ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ) арқылы компаниялардың өсуі мен дамуының тұрақты тетігін құруды қамтамасыз ету, яғни активтердің кірістілігін арттыру және еңбек өнімділігінің артуын ынталандыру болып табылады.


Мемлекет басшысының ҒЗТКЖ мен инновацияларға арналған қаражатты пайдаланудың тиімділігі мен ашықтығын арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау үшін «Самұрық-Қазына» АҚ жер қойнауын пайдаланушы портфельдік компанияларының қаражатын және ҒЗТКЖ қызметін ғылыми орталыққа шоғырландыру туралы шешім қабылданды.


ҒЗТКЖ-ны бір орталыққа шоғырландыру ғылыми қоғамдастық шеше алатын мәселелердің «маркетплейсі» тәсілін іске асыруға мүмкіндік береді. Ғылыми-инновациялық жобаларды орындаушылар отандық ҒЗИ, университеттер, ғылыми орталықтар мен технологиялық компаниялар арасында ашық конкурстар негізінде таңдалады. Жобаларды коммерцияландыру және жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын ашу да ҒЗТКЖ мен инновациялық қызмет тиімділігі көрсеткіштерінің бірі болуы тиіс.


Орталық қазақстандық ғалымдардың шетелдік әріптестермен өзара іс-қимылы шеңберінде ақпарат алмасуға жетекшілік жасайды. Сондай-ақ отандық ғылымды қолдау және заманауи технологияларды реттеу бойынша заңнамалық бастамалар жасай отырып, ҚР Үкіметімен тығыз байланыста болады. 


Осы жылға жоспарланған бірінші кезектегі жобаларының қатарында:



  • Кесек күкірттен ауыл шаруашылығына қажетті фунгицидтер - мұнай өндіру кезінде жанама өнім өндіруді зерттеу;

  • Құрамында сутегінің мөлшері көп газ беретін қабатқа су немесе ауа бермей, қоңыр көмірді жерасты газдандыру әдісін өнеркәсіптік сынау;

  • Жоғарғы Қайрақты кен орнында шоғырлы сілтісіздендіру әдісімен вольфрам өндіру мүмкіндігін зерттеу;

  • Уран өндіруге арналған жаңа жабдықты жасау, ұңғымаларды зерттеуге арналған аналитикалық құралдарды жасау;

  • Тепловоздарды магистральді т/ж желілеріндегі дизельдің орнына сұйытылған табиғи газ ауыстыру.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,446 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,257 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,343 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,185 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.