AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Самұрық-Қазына» компаниясы орыс тіліне басымдық б...

«Самұрық-Қазына» компаниясы орыс тіліне басымдық береді

Әлеумет 27.04.2023, 13:51 1,307
«Самұрық-Қазына» компаниясы орыс тіліне басымдық береді
Сурет: ашық дереккөз

«Самұрық-Қазына» компаниясында құжат айналымы 68% орысша жүргізіледі.









Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен ұлттық компаниялардың құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесіне жүргізілген мониторинг қорытындысы талданды, -деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.


Бүгінде мемлекеттік тілдің мембасқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс-қағаздарын жүргізу тілі екені «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 4-бабында көрсетілген.


Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы таратқан мәліметке сенсек, биылғы І тоқсанда ұлттық компаниялардың мемлекеттік тілдегі құжат айналымының үлесі 73% құраған.


Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 37%-ке артық (2022 жылдың І тоқсаны – 36%).


Дегенмен, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ (32%), «Қазақстан темір жолы» АҚ (43%), «Қазпошта» АҚ (57%), «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (61%), «Байтерек» ҰБХ АҚ (67%), «ҚазМұнайГаз» ҰҚ (69%) және т.б. көрсеткіштері әлі де төмен.


Ал «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (82%), «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (82%), «KEGOK» АҚ (84%), «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (85%), «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ (87%) құжаттарын қазақ тілінде жүргізуде өсім байқалады.


Жиын бағдарламасына сәйкес «Kegoc» АҚ, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытында атқарып жатқан жұмысы жайында баяндама жасады.


Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Гүлнар Ходжабергенова шараны қорытындылай келе, ұлттық компаниялардың ішкі құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдарының құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесін арттыру бағытындағы жұмысты күшейту қажеттігін ерекше атап өтті.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#«Самұрық-Қазына» #компания #тіл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);