Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Самұрық-Қазына» биыл қанша табыс таппақ?

«Самұрық-Қазына» биыл қанша табыс таппақ?

Әлеумет 12.10.2023, 13:20 1,097
«Самұрық-Қазына» биыл қанша табыс таппақ?
Сурет: ашық дереккөз

«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы компаниялар тобы биыл 1,8 трлн теңге таза пайда табуды жоспарлап отыр. Мұны брифинг барысында қордың Экономика және қаржы жөніндегі тең басқарушы директоры Мират Өтепов айтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.





«Алдын ала бағалау бойынша, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының 2023 жылғы таза пайдасы 1,8 трлн теңге деңгейінде күтілуде. Мұнай және газ нарықтарында қалыптасқан жағдайды және өндірістік көрсеткіштерді жақсарту бойынша қабылданып жатқан шараларды ескеретін болсақ, бұл жақсы нәтиже саналады», - деді Мират Өтепов.




Спикер түсімге бірнеше фактор теріс әсер еткенін атап өтті. Біріншісі – мұнай бағасының төмендеуі. Қазіргі уақытта 1 баррель мұнайдың бағасы шамамен 80 доллар. Ол былтыр 105 доллар болған еді. Екіншісі – бағаның төмендеуі салдарынан Қазақстаннан экспортталған газ көлемі азайған. Сонымен қатар ел ішінде газға сұраныс артқан.


Биыл «Самұрық-Қазына» АҚ шамамен 658 млрд теңгені мемлекет пайдасына бағыттайды. Яғни, бұл сома дивиденд төлеуге, әлеуметтік жобалар мен қайырымдылыққа жұмсалады. Алдын ала дерекке сай, осы ақшаның 146 млрд теңгесі республикалық бюджетке, 353 млрд-ы әлеуметтік салаға бағытталады. Сондай-ақ активтерді жекешелендіру қорытындысы бойынша мемлекет қазынасына қосымша 92 млрд теңге түседі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#«Самұрық-Қазына» #табыс #қайырымдылық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44

Алматыда Халықаралық журналистика бойынша қысқы мектеп өтіп жатыр

Бүгін 11:42

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.