AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Самокатшылар да «қара тізімге» алынуы мүмкін

Самокатшылар да «қара тізімге» алынуы мүмкін

Әлеумет 07.08.2023, 08:39 1,247
Самокатшылар да «қара тізімге» алынуы мүмкін
Сурет: Standard.kz

Самокат қозғалысын реттеу үшін қандай ұсыныстар қаралып жатыр?


Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Самокаттарды жалға беретін кикшерингтік компаниялар жалпы «жосықсыз клиенттер тізімін» құруды ұсынып отыр. Жол қозғалысы ережелерін, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзатын, скутерді дұрыс емес жерде қалдыратын пайдаланушыларға барлық компания бір мезгілде қызмет көрсетуден бас тартуы мүмкін. Сондай-ақ, полиция патрулі үшін электр скутерлерін пайдалану ұсынылды», - деді А. Боранова ҚР ІІМ апталық брифингінде.



Спикердің айтуынша, скутер пайдаланушылары үшін арнайы мобильді қосымша арқылы хабарламалар жіберу қарастырылып жатыр. Бұл ретте скутер арнайы бөлінген орындарға қойылмаса, сапар аяқталмайды (ақы алу жалғасады).



«Жарықсыз учаскелерде, қала сыртындағы трассаларда және кәмелетке толмағандарға электр скутерлерін пайдалануға тыйым салу ұсынылды. Балалардың электр скутерлерін пайдалануын болдырмау үшін салмақ категориялары бойынша тыйым салу енгізіледі. Мысалы, 30 келіден асатын қолданушыларға ғана рұқсат беріледі», - деді Ақтоты Боранова.



Айта кетейік, 30 тамыздан бастап жол ережесін бұзған самокатшыларға айыппұл салынады. Құқықбұзушылықтар анықталса, олар ӘҚБтК 593-бабы (5 АЕК айыппұл) немесе ӘҚБтК 620-бабы (ескерту немесе 3 АЕК айыппұл) бойынша жауапқа тартылады.



«Шет елдердің тәжірибесі көрсеткендей, электр скутерлерінің қарқынды дамуы мен бей-берекет жұмыс істеуі оларға толық тыйым салуға әкелуі мүмкін. Сондықтан, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін скутерлерді пайдалануды реттеу мәселесі өте маңызды және оның шешілуін жол қозғалысының барлық қатысушылары күтеді. Біз өз тарапымыздан кез келген ұсыныстарды өңірлік және орталық деңгейлерде қарастыруға дайынбыз», - деді Ақтоты Боранова.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#самокат #жосықсыз клиенттер #қара тізім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);