Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Саматтың сырлы суреттері

Саматтың сырлы суреттері

Әлеумет 10.01.2025, 11:38 672
Саматтың сырлы суреттері
aqshamnews.kz
 

Әр сәттің әдемі көрінісін қалт жібермей, мәңгілік тарихқа айналдыратын қырағы фототілші – кез келген басылымның бағы. «Жақсы таңдалған тақырып – жарты мақала» дегендей, кейде баспасөзде жарық көрген бір ғана сәтті сурет журналистің жазған дүниесін жарқыратып жіберетіні бар. Қазақ басылымдарын қалдырмай оқитын ойлы оқырман Самат Құсайыновтың есім-сойына қанық деп білеміз. Ширек ғасырдан бері қолынан фотоаппараты түспей келе жатқан әріптесіміз жақында бауырлас Түркия мемлекетінде жеке фотокөрмесін өткізіп қайтты.

 

Өмірін фотоөнермен егіз өрген ағайы­ды Самат, Мақсат, Азамат Құсайыновтар – елі­міздің белді басылымдарында қызмет етіп жүрген танымал фототілшілер. Бүгінгі әңгіменің өзегі фотоөнер әлеміне алғаш қадам басқан үйдің үлкені – Самат Құсайы­нов. Оның объективіне ілінген тақырыптардың аясы кең. Қазақ халқының әдет-ғұрпы, салт-санасы, дала дәстүрі, ұлттық ойындары мен қо­нақ­­жайлығын арқау еткен мыңдаған суреттің өне бойынан өз ісін құлай сүй­ген шебердің қолтаңбасын көресіз. «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті» «Әдебиет айдыны», «Сақшы», «Президент және халық», «Алматы ақшамы» газеттерінде, «Парасат», «Ай­гөлек», «Алтын бесік» журналдардарында табанды қызмет еткен «Ақпарат саласының үздігі» жемісті еңбегі үшін Президенттің Алғыс хатымен марапатталды.

Қырағы фотографтың жұ­­мыстары тек елімізде ғана емес, Германияның Штут­­гард, Түркияның Ыс­танбұл, Оң­түстік Кореяның Тэгу қалаларында көрмеге қойыл­ған. Қазақ даласының бай табиғатын паш ететін туын­ды­ларының тағы бір легі таяуда Түркияның «Анадолы өрке­ниеттері мұражайында» салтанат құрған «Ұлы дала мәде­ниеті» көрмесі арқылы туыс­қан халықтарға жол тартты.

– Менің мақсатым – қазақ мәдениетін, ұлттық ойындарды, әдет-ғұрыпты сурет өнері арқылы дәріптеу. Түркі мемлекеттерінің ын­тымақтастығын ту еткен шара ТҮРКСОЙ ұйымының және өзім қызмет етіп жүр­ген «AIatau Aqparat» медиахолдингінің қолдауымен өтті. Суреттерімде түбі бір туысқан халықтарға ортақ құндылықтарды да көрсетуге тырыстым. Фотосурет – әр­бір сәтті ұстау. Біраз жыл бұрын Астанадағы Ұлттық кітапханада «Сайын даланың – салт дәстүрі» деп аталған фотокөрмемді өткіздім. Сол көрмеге келген шетелдіктердің қызығушылығын көріп, тағы да шабыт ала түстім. Журналист әрбір мақаланы ашу үшін қалай ізденетін болса, фотография да үлкен ізденісті қажет етеді. Бір суретпен бір мақаланы ашуға болады. Фотоаппараттың ішінен, объективтің ар жағынан өмірді көріп тұруың керек. Менің ұғымымда суретке түсіру – өнер. Суретке түсірген кезде адамның портретінен тірі дүние шығаруың қажет. Пейзаж бен портрет жаныма жақын жанрлар, – дейді С.Құсайынов.

Үнемі ізденіс үстінде жү­ретін фотогердің «Сары­судың сырлы суреті», «Сарысу саялы мекенім», «Мерейлі өлке – Мойынқұм» атты фо­то жинақтары көпшілікке жол тартты. Сәкеңнің жеке про­дюсерлігімен жарық көрген «30-дан асып барамын», «Бізді күтер бір бақыт» толық метражды фильмдері де – үлкен еңбектің жемісі. Ердің жасы елуді еңсерген әріп­тесімізге толайым табыс тілейміз!

АЛМАТЫ 

https://egemen.kz/article/379523-samattynh-syrly-suretteri

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сурет #самат #Фотоөнер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.