AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Салықтық бақылау: 17 млрд теңге өндірілді

Салықтық бақылау: 17 млрд теңге өндірілді

Экономика 12.03.2025, 15:52 749
Салықтық бақылау: 17 млрд теңге өндірілді
almaty-akshamy.kz

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимінде жұмыс істейтін кәсіпкерлер мен компанияларды әкімшілендіруді жалғастыруда. Бұл ретте салықтық міндеттемелерін дұрыс орындамай, өзара есеп айырысу арқылы кірістерін төмендететін салық төлеушілерге ерекше назар аударылып отыр. Бұл туралы Aqshamnews.kz сайты хабарлайды.

Жүргізілген талдау нәтижесінде 633 салық төлеушіге кірістерін төмендету белгілері бойынша хабарлама жіберілген. Олардың қатарында 172 құрылыс саласындағы компаниялар (оның ішінде ірі құрылыс компаниялары да бар), 102 сауда және басқа да қызмет түрлерімен айналысатын кәсіпорындар бар.

Бүгінгі таңда, 12 наурыздағы мәлімет бойынша, кәсіпкерлер қосымша есептілік нысандарын тапсырып, салықтарын толықтыруда. Қазірдің өзінде 17 млрд теңге салық төленді. Бұл тізімге BI Group және BAZIS сияқты ірі құрылыс компаниялары да кіріп отыр. Мемлекеттік кірістер комитеті деректерді салыстыру және тексеру жұмыстарын жалғастыруда.

Сонымен қатар, құрылыс саласында жұмыс істейтін бірқатар ірі компаниялар қаржылық ашықтықты қамтамасыз ету және көлеңкелі схемаларды жою мақсатында цифрлық шешімдерді әзірлеуге және қаржыландыруға бастамашылық жасауда.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті барлық салық төлеушілерді салық заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Егер жіберілген хабарламалар бойынша тиісті шаралар қабылданбаса, салық органдары кешенді салықтық тексерулер жүргізу туралы бастама көтеретін болады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кірістер комитеті #салық төлеушілер #BI Group #BAZIS
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);