AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Салықтан жалтару – қоғамға қарсы әрекет

Салықтан жалтару – қоғамға қарсы әрекет

Экономика 07.04.2025, 12:01 876
Салықтан жалтару – қоғамға қарсы әрекет
Сурет: 7-su.kz

Қазақстан үкіметі салықтан жалтаруға қарсы күресті күшейтуді көздеп отыр. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің директоры Ерлан Сағнаев мәлімдеді, деп хабарлайды Aqshamnews.kz. Оның айтуынша, әсіресе салықты бөлшектеу арқылы міндеттемелерден жалтару – ел бюджетін миллиардтаған теңгеден айырып, әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына кедергі келтіруде.

Ерлан Сағнаев салық төлеуден жалтару әрекеттерін қоғам алдындағы жауапкершіліктен қашу деп бағалайды. Оның айтуынша, мұндай қадамдар бюджетке түсетін кірісті азайтып, оның салдарынан жаңа мектептер, ауруханалар мен жолдар салуға қажетті қаражат жетпейді.

«Көлеңкелі схемаларды қолданған кәсіпкерлер салықтан жалтарып, мемлекетті емес, өз қалталарын ғана ойлайды. Олар шын мәнінде қарапайым халықтың мүмкіндігін ұрлап отыр. Бұл – сапалы білім мен медицинадан айыру деген сөз», – деді Сағнаев.

Құрылыс саласындағы көлеңкелі экономика – басты назарда

Сағнаевтың айтуынша, құрылыс саласы – салықтан жалтару жиі тіркелетін бағыттардың бірі. Бұған дейін салаға берілген қосылған құн салығынан (ҚҚС) босату жеңілдіктеріне қарамастан, тұрғын үй бағасы 21 есеге дейін қымбаттаған.

«Салықтық жеңілдіктер жойылған жағдайда, құрылыс саласынан бюджетке кемінде 130 млрд теңге қосымша түсім түсер еді. Бұл қаржыға кемі 40 жаңа мектеп салуға болады», – деді ол.

Салық төлеу – әлеуметтік жауапкершілік

Қазақстанда салық төлеу тек заң алдындағы міндет емес, азаматтық жауапкершілік ретінде қарастырыла бастады. Бұл – дамыған елдерде қалыптасқан салық мәдениетінің негізі.

Мемлекет бизнес үшін ашық әрі заңды жұмыс істеуге барлық жағдай жасап отыр. Енді кәсіпкерлерден көлеңкелі схемалардан бас тарту талап етіледі.

«Мемлекет заңды бизнес жүргізуге мүмкіндік береді. Бірақ ресурстарды әділ бөлу мен тұрақты экономикалық өсім үшін көлеңкелі экономикадан толық бас тарту қажет», – дейді Сағнаев.

Бақылау күшейтіледі

Алдағы уақытта салықтан жалтару фактілерін анықтау мен алдын алу шаралары күшейтіледі. Бұл әділ бәсекелестік орнатып, бюджетті әлеуметтік салаға тиімді бағыттауға мүмкіндік береді.

Салықтан жалтару – елдің әлеуметтік дамуына тікелей кедергі. Бюджетке түспеген әрбір теңге – салынбаған мектеп, құрал-жабдықсыз аурухана немесе жөнделмеген жол. Сондықтан ашық экономика құру мен салық мәдениетін қалыптастыру – мемлекет қана емес, әрбір азамат пен кәсіпкер үшін ортақ міндет.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #салық #экономика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);