ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Қаржы / Салық декларациясын тапсыру кімдер үшін сақталады?

Салық декларациясын тапсыру кімдер үшін сақталады?

Қаржы 20.11.2024, 12:18 1,184
Салық декларациясын тапсыру кімдер үшін сақталады?
Сурет: Gov.kz
Қаржы министрлігі жеке тұлғаларды активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсырудан босату жөніндегі ақпараттың егжей-тегжейін түсіндірді.   Бүгінде үш кезең шеңберінде Жалпыға бірдей...
 
Қаржы министрлігі жеке тұлғаларды активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсырудан босату жөніндегі ақпараттың егжей-тегжейін түсіндірді. 
 
Бүгінде үш кезең шеңберінде Жалпыға бірдей декларациялау жүйесімен 4 млн астам адам, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор басшылары, бизнес өкілдері мен олардың жұбайлары қамтылды, бұл шамамен 4,8 млн адам, деп хабарлайды aqshamnews.kz сала министрлігіне сілтеме жасап.
 
Халықтың ыңғайлығы үшін салық төлеушінің кабинеті арқылы декларацияларды тапсыру бойынша электронды сервистер жолға қойылды. Айталық, (cabinet.salyk.kz), «Электронды үкіметтің» веб-порталы (egov.kz), e-Salyq Azamat (салық әмияны), eGov mobile, Halyk, "Банк Центр кредит" және Kaspi"мобильді қосымшалары бүгінде көпшілікке қолжетімді.
 
Азаматтардың қалған санаттары бойынша декларацияларды ұсыну бойынша міндеттемелер 2025 жылы жалғасады. Атап айтқанда, 4 кезеңде зейнеткерлер, үй шаруасындағы азаматшалар, студенттер және т.б. қамтылуға тиіс. Бұл шамамен – 8 млн адам.

Мемлекет басшысының Жалпыға бірдей декларациялау тәсілдерін қайта қарау туралы тапсырмасын іске асыру үшін елімізден тыс активтері бар адамдарды қоспағанда, азаматтардың осы санатын активтері мен міндеттемелері туралы декларацияларды ұсынудан босату ұсынылып отыр.

Бұған мемлекеттік органдардың деректер базасын цифрландыру, қолма-қол ақшасыз төлемдердің жоғары үлесі (86%), автоматтандырылған салықтық бақылау, халықаралық келісімдер шеңберінде қаржылық шоттар бойынша деректер алмасу, сондай-ақ цифрлы қызметтердің кең қолжетімділігі ықпал етіп отыр.

Қаржы министрлігі шетелде активтері бар тұлғаларға, сайлауға түсуге құқығы бар азаматтарға, мемлекеттік лауазымға орналасуға және оларға теңестірілген кандидаттар үшін, сондай-ақ банктердің, бағалы қағаздар нарығының, сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары болғысы келетіндер үшін активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 СЕН) ұсыну жөніндегі міндетті сақтауды ұсынып отыр.

Сондай-ақ азаматтарға активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны өз еркімен ұсыну құқығы берілетінін айта кетейік.

Бұл ретте мемлекеттік қызметшілерге, квазимемлекеттік және жеке компаниялардың басшыларына, құрылтайшыларға (оның ішінде 25% астам және одан да көп акция иеленушілерге), олардың жұбайларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде активтері бар және (немесе) дербес салық салынатын табыс алған адамдарға кірістері мен мүлкі туралы жыл сайынғы декларацияны (270.00 СЕН) тапсыру жөніндегі міндет сақталатынын айта кету керек.

Қосымша құны 20 000 АЕК (74 млн теңге) асатын ірі сатыпалым жасаған тұлғалар үшін осындай міндетті белгілеу ұсынылды.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше елімізде ел тұрғындарының 90 %-ы келе жылдан бастап декларация тапсырудан босатылатыны туралы жарияланған болатын. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.