ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Кітап - көңіл кілті / Салтанат Әбдіғалидың "Жаназық" және "Кішкентай әйе...

Салтанат Әбдіғалидың "Жаназық" және "Кішкентай әйел" кітаптарының таныстырылымы өтті

Кітап - көңіл кілті 28.10.2025, 11:20 762
Салтанат Әбдіғалидың "Жаназық" және "Кішкентай әйел" кітаптарының таныстырылымы өтті
Мұхтар Әуезов атындағы кітапхана
Мұхтар Әуезов атындағы кітапханада "Кітаптар әлемі" жобасының бес жылдық мерейтойы аясында жазушы Салтанат Әбдіғалидың "Жаназық" және "Кішкентай әйел" кітаптарының таныстырылымы өтті. Шараны...

Мұхтар Әуезов атындағы кітапханада "Кітаптар әлемі" жобасының бес жылдық мерейтойы аясында жазушы Салтанат Әбдіғалидың "Жаназық" және "Кішкентай әйел" кітаптарының таныстырылымы өтті. Шараны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, жазушы Нұрдәулет Ақыш жүргізіп отырды. 

Алғашқы болып сөз сөйлеген Қазақстан Жазушылар  одағы Басқарма төрағасының орынбасары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Қасымхан Бегманов жас жазушының аяқ алысы – қос кітабы қомақты еңбек екеніне тоқталып, ақжарма тілегін білдірді.  Ал арнайы Тараз қаласынан ат терлетіп келген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы Көсемәлі Сәттібайұлы мен «Шалқар» радиосының директоры, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы Болатбек Төлепберген "Кітаптар әлемі" жобасының маңыздылығына тоқталып, жетекшісі Салтанат Әбдіғалидың "Жаназық" және "Кішкентай әйел" кітаптарының көтерер жүгі салмақты екенін айтты.

Қазақстанның еңбек сіңірген  қайраткері, дәстүрлі әнші Ардақ Исатаева өз шәкірттерімен әнмен шашу шашып, шараның көрігін қыздыра түсті. Жиынға сондай-ақ Салтанат Әбдіғали жетекшілік ететін "Кітап жанашырлары" клубының елдегі және шет елдегі мүшелері де қатысты.  Түркістан облысы, Созақ ауданынан келген ақын әрі ұстаз Тұмартай Дінтайұлы, ақын Несібелі Шайдазымова, Моңғолия елінің Баян-Өлгей өлкесінен келген Төлеген Баянханұлы, Шымкент қаласынан келген Рүстем Кенжеұлы, Түркістан қаласынан келген қаламгер Жібек Искаковалар "Кітаптар әлемінде" жобасының бес жылдық шарасын ұйымдастырған клуб жетекшісі Салтанат Амангелдіқызына шығармашылық табыс тілеп, барша клуб мүшелері атынан ризашылықтарын білдірді.

Жас жазушы Салтанат Әбдіғалидың "Кішкентай әйел" атты прозалық кітабына бүгінгі күннің ең көкейтесті мәселелерін өзек еткен "Ата иісі", "Әкеге хат", "Жалғыздың мұңы", "Кішкентай әйел", "Бақытгүлдің бір күні" іспетті туындылары енген. Жинақтағы тағдырдың тауқыметін жалғыз тартқан әйелдердің, әкеге деген сағыныштары жүректерін сыздатқан балалардың бейнесі шынайы суреттелген.

Баршаның назарын кітапқа аударып, үлкен игілікті іспен айналысып келе жатқан Салтанат Әбдіғалидың «Кітаптар әлемі» жобасына бес жыл толуына орай «Жаназық» кітабы жарық көрген. Осы жоба аясында өмірге келген «Кітап жанашырлары» клубының оқырмандарды көбейту жолындағы сан қырлы ізденістері көңілге қуаныш ұялатып, болашаққа деген үмітті оятады.

Осы уақыттың ішінде кітап сүйер қауым ерекше ықыласпен қатысқан оқырмандар арасында "Бірге кітап оқиық!" онлайн бәйгесіне, "Жарыса кітап оқиық!" байқауына және "Әсерлі әңгіме" онлайн байқауымен қатар, мектеп жасындағы балалар арасындағы "Бірге кітап оқиық" онлайн бәйгесіне еліміздің барлық аймақтарынан жасөспірімдердің ерекше ынта-ықыласпен қатысқандығы қуантады. Оқырман ықыласын сәтті пайдаланған Салтанат Әбдіғали «Кітап жанашырлары» клубын құрып, қатарына қалың нөпір мүшелерін жинаған. Онда түрлі мамандық иелері: қаламгер де, кәсіпкер де, ұстаз да, құрылысшы да, шаштаразшы да т.б. бар. Бұл топты жетекшісі Салтанат Әбдіғали арнайы құрылған әлеуметтік желілері арқылы түрлі шаралар ұйымдастыра отырып, қызықты етіп жүргізіп келеді. 

Қоғамды кітап оқуға үндеп келе жатқан Салтанат Әбдіғали әлеуметтік желінің мүмкіндігін қазақ кітабын насихаттаудың жақсы бір құралына айналдырған «Кітаптар әлемі» жобасының жұмыстары «Жаназық»  кітабына өзек болған. Әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында бірде өлең мен әңгіме оқып, бірде ақын-жазушылармен подкаст түсіріп, сұхбатын жариялаған, бірде мақал-мәтел, жұмбақ т.б. жасырып, қара үзіп, үздік шыққандарына ақшалай сыйлықтар мен кітаптар таратқан жоба жұмысы  «Жаназық» жинағының оқырмандарына қызғылықты болмақ.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.