AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Салауатты өмір салтын ұстанған алматылық полицейле...

Салауатты өмір салтын ұстанған алматылық полицейлер «Winter Run» марафонына қатысты

Оқиға 22.02.2022, 11:30 1,648
Салауатты өмір салтын ұстанған алматылық полицейлер «Winter Run» марафонына қатысты
Сурет: Polisia.kz

Алматының тәртіп сақшылары "Алматы марафонына" дайындалуда


Тәртіп сақшылары бұл жолы 10 шақырымдық “Winter Runға” қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.



«Мен 2017 жылдан бері жүгірумен айналысамын. “Алматы марафонының” тұрақты қатысушысымын. Қыркүйекте 42 шақырымды 3 сағат 20 минутта жүгіріп өттім. Мен барлығының жүгіргенін қалаймын. Жүгіру – бұл денсаулық, ол иммундық жүйені нығайтады. Бұл жақсы мәдениет, жан-жақты дамуға, жаңа таныстарды табуға ықпал етеді. Өте пайдалы», – дейді Алматы қалалық ПД тылмен қамтамасыз ету басқармасының қызметкері Әден Мәденов.


«Мен бір жылдан бері марафондарға қатысамын. Мұның алдында жазда 42,2 шақырымға жүгірген едім. Менің ең жақсы нәтиже көрсеткен марафоным болды. Мен өмірімде спортты жаныма серік етіп келемін. Отбасым да спортқа өте жақын. Біз салауатты өмір салтын жақтаймыз», – деді Алматы қалалық ПД ЖӘАЖ инспекторы, дзюдо және самбодан спорт шебері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Қарашаш Есдәулетова.



Айтпақшы, Алматының полиция қызметкерлері “Алматы марафонының” тұрақты қатысушылары. Бұл жақсы дәстүрге айналды.



«Мақсат – Алматы қоғамдастығының қайырымдылық бастамасын қолдау, өйткені біз осы қаланың тұрғындарымыз. Полиция қызметкерлері ретінде шаһардағы тәртіпті қорғауға және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға ант бердік. Екіншіден, мәселе салауатты өмір салтын насихаттау туралы болып отыр.  Қызметтер мен бөлімшелердің қызметкерлері әр уақытта өздерінің спорттық дайындығының деңгейін, ұстамдылығы мен тәртібін көрсетіп келеді», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Олжас Мырзабеков.



Алматы қалалық ПД-де әуелі жарысқа полиция қызметкерлерін көбірек тарту жоспарланғанын атап өтті. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Марафонға дайындық #қысқы жүгіру #полицейлер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);