ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы арқылы 19...

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы арқылы 1933 науқас анықталды

Медицина 23.08.2024, 14:19 1,609
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы арқылы 1933 науқас анықталды
Сурет: Gov.kz
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы сапарын одан әрі жалғастыруда.

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы сапарын одан әрі жалғастыруда.

Бүгінге дейін пойыз алты облыстың, яғни Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарындағы 48 стансаны аралады, деп хабарлайды aqshamnews.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

Жоба аясында 10 мың баланы қоса алғанда барлығы 32 мың адам пойыздағы медицина мамандарына қаралды, сонымен қатар оларға 91 мыңнан астам медициналық қызмет көрсетілді. Соның ішінде стоматологиялық қызметтер, зертханалық зерттеулер, кішігірім хирургиялық оталар, ультрадыбыстық және рентгенологиялық зерттеулер бар.

Аурулардың ерте диагностикасы мен дер кезінде емделуіне ерекше назар аударылады. Қазіргі сәтте жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті және балалардың ауруларын қосқанда түрлі дертке шалдыққан 1933 науқас анықталды. 255 баланы қоса алғанда барлық науқастар тұрғылықты жері бойынша емханалардың тұрақты бақылауына алынды.

Жоба тек диагностикалау үшін ғана емес, сонымен бірге күрделі және төтенше жағдайда шұғыл медициналық көмек көрсетуде де маңызды болып шықты. Мәселен, Жақсы стансасында кардиологқа қаралған науқастың ауруын дер кезінде анықтау арқылы ол бір ажалдан аман қалды. Оның бойында миокарда инфаркті ауруының белгілері анықталып, дереу ауруханаға жатқызылды. Медициналық пойыз жабдықтарының арқасында қауіпті ауруларды жедел анықтап, шұғыл көмек көрсету мүмкін болды.

Медициналық пойыздың жұмысы әлі де жалғасуда, енді жылдың соңына дейін Қазақстанның 11 облысындағы тағы 44 стансаны қамту көзделуде. Жоба командасында педиатр, кардиолог, рентгенолог, хирург және басқаларын қоса алғанда 14 тар бейінді салалық маман бар. Олардың бәрі де еліміздің ең шалғай жерлеріндегі тұрғындардың қажетті медициналық көмекті дер кезінде және жоғары деңгейде алуына ниетті.

Еске сала кетсек, «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы» әлеуметтік жобасы ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры арасындағы ынтымақтастық аясында жүзеге асырылуда. Жобаның басты мақсаты – шалғай стансалардағы тұрғындарға білікті мамандардың медициналық көмегін беру және денсаулық сақтау саласына қаралуға мүмкіндігі шектеулі өңірлердің медициналық қызметке қолжетімділігін арттыру.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.