Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші, «МузАРТ» тобының мүшесі Сәкен Қордабайұлы Майғазиев Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында таңдау жасау үшін сайлау учаскесіне келді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Өнер майталманы азаматтық белсенділігін танытып, ел өміріндегі маңызды қоғамдық іс-шараға қатысты. Сәкен Майғазиев сайлауға қатысу – әр азаматтың таңдау білдіріп, ел болашағына үн қосуының маңызды екенін атап өтті.
Әнші дауыс беру рәсіміне қатысып, таңдау жасады.