AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / "Сайран" алдағы 10-20 жыл бойы маңыздылығын сақтау...

"Сайран" алдағы 10-20 жыл бойы маңыздылығын сақтауға тиіс - Дархан Сатыбалды 

Барлығы 18.06.2025, 10:38 688 Сұлу
"Сайран" алдағы 10-20 жыл бойы маңыздылығын сақтауға тиіс - Дархан Сатыбалды 
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Алмалы ауданына жасаған жұмыс сапары аясында Сайран су қоймасы маңын көркейту жұмыстарының жай-күйімен танысты, - деп хабарлайды aqshamnews.kz. 

Жоба аясында ұзындығы 2,5 шақырым болатын серуен жолын, жағажай аймағын, балалар мен спорт алаңдарын, велосипед және скейтпарктерді салу көзделген. Сонымен қатар санитарлық аймақтар, полиция мен құтқару бекеттері де қарастырылған.

Қала басшысына өзінің тапсырмасымен жүргізілген қала кеңістігін қолжетімді етуге бағытталған жұмыстар туралы баяндалды. Атап айтқанда, Төле би көшесі бойында жағалаудан тротуарға шығатын өткел жасалған, ал Абай көшесі жағынан пандус орнатылған. Жұбанов көшесінің ең тік бөлігінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған жедел саты салу жоспарланып отыр. Бұған қоса, Варламов көшесі жағынан жасыл желекке зиян келтірмей, балалар арбасына арналған асфальт жол төселіп жатыр. 

"Егер біз жаңа бір жобаны іске асырып жатсақ, оны бірден 10-20 жылға лайықтап жасауымыз керек. Әйтпесе, біраз уақыттан кейін қайтадан жөндеуге тура келеді. Бұл жерде қала тұрғындары мен қонақтары үшін өзіне тән ерекше атмосфера қалыптасуы шарт. Егер Сайранды жаңғыртып, көркейтуге кіріссек, ол заманауи талаптарға сай болуы керек", – деді қала әкімі.

Жұмыс барысында қосымша инженерлік және ландшафтық шешімдер қабылдау қажеттігі туындаған. Бұл жобаның жобаның сапасын арттырады, бірақ құрылыс мерзім сәл ұзартады. 

Бұған дейін де шаһар басшысы бұл жобаға қатысты бірқатар ескерту жасаған болатын. Атап айтқанда, мердігер – "Павлодар өзен порты" АҚ-на жұмыс сапасына бақылауды күшейту тапсырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сайран #Сайран көлі #Дархан Сатыбалды #әкім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);