AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сайлаушылардың 85,52 пайызы Қасым-Жомарт Тоқаевқа...

Сайлаушылардың 85,52 пайызы Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берді - Қоғамдық саясат институты

Әлеумет 21.11.2022, 02:15 1,192
Сайлаушылардың 85,52 пайызы Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берді - Қоғамдық саясат институты
Сурет: Ашық дереккөз

600-ге жуық сайлау учаскесінде сауалнама өтті


Еxit poll нәтижесі бойынша 20 қарашада өткен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы барысында сайлаушылардың 85 пайыздан астамы кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берген. Бұл туралы «Астана» телеарнасының тікелей эфирінен AMANAT партиясы жанындағы Қоғамдық саясат институты жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Аталған институт бүгін күні бойы сайлау учаскелерінің шыға берісінде сайлаушылар арасында әлеуметтік зерттеу - Exit poll өткізіп, 70 мыңнан астам адамды қамтыған.


Сонымен, exit-poll нәтижесі келесідей:


Қасым-Жомарт Тоқаевқа – 85,52 пайыз;


Жигули Дайрабаевқа – 2,67 пайыз;


Қарақат Әбденге – 2,61 пайыз;


Мейрам Қажыкенге – 2,43 пайыз;


Нұрлан Әуесбаевқа – 1,93 пайыз;


Салтанат Тұрсынбековаға - 1,44 пайыз дауыс берілді.


Ал бәріне қарсымын бағанын 3,4 пайызы белгілеген.


Айта кетсек, еліміз аумағында 600-ге жуық сайлау учаскесінде сауалнама өтті. Бұл тұрғыда 74 қала мен 242 ауылды елді мекенде жүргізілді. Қазақстандықтардың 67,71 пайызы дауыс беруге келген.


Exit poll - дауыс берген сайлаушылардың арасында жасырын сауалнама жүргізудің бір түрі.


Астана уақытымен сағат 20.00-де еліміздің 15 өңірінде, ал дәл қазір Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында дауыс беру аяқталды.


Осылайша, еліміздің барлық өңірінде ашылған 10 033 сайлау учаскесі жұмысын тоқтатты.


Төрт өңірде сайлаушылардың 80 пайыздан астамы дауыс берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сайлау #дауыс беру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);