Таңдау жасап үлгеріңіз, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Әуезов ауданындағы сайлау учаскелерінде әлі адам көп. Тұрғындар келіп, таңдау жасауды жалғастырып жатыр.
Ел тарихындағы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауының аяқталуына бір жарым сағаттан аз уақыт қалды. Дегенмен дауыс беруге әлі де уақыт бар!
Егер әлі дауыс беріп үлгермесеңіз, сайлау учаскесіне баратын кез келді.
Әрбір дауыс – азаматтық ұстанымды білдіріп, ел үшін маңызды оқиғаға қатысу мүмкіндігі.
Кейінге қалдырмаңыз. Таңдау жасап үлгеріңіз!