AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау-2023 / Сайлауды қадағалайтын ЕҚЫҰ миссиясының жұмысы баст...

Сайлауды қадағалайтын ЕҚЫҰ миссиясының жұмысы басталды

Сайлау-2023 08.02.2023, 11:04 1,527
Сайлауды қадағалайтын ЕҚЫҰ миссиясының жұмысы басталды
Сурет: Оld.qazaqtv.com

Миссияның құрамында 11 халықаралық сарапшы, 32 байқаушы бар.


Миссия сайлаудың ЕҚЫҰ міндеттемелеріне және демократиялық сайлау өткізу жөніндегі басқа да халықаралық міндеттемелер мен стандарттарға, ұлттық заңнамаға сәйкестігін бағалайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz   


ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының Қазақстандағы парламенттік сайлауды бақылау жөніндегі миссиясы жұмысын бастады.


Миссия елордадағы 11 халықаралық сарапшыдан, 17 ақпаннан бастап республика бойынша орналастырылатын 32 ұзақ мерзімді байқаушылар тобынан тұрады.


Бұдан бөлек Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы сайлау күні жақындағанда 300 қысқа мерзімді байқаушы сұрауды жоспарлап отыр.



"ЕҚЫҰ-ның 57 қатысушы мемлекеті бар. Олардың барлығы, соның ішінде Қазақстан да, демократиялық өзгерістерге, адам құқықтары мен негізгі бостандықтарға қатысты бірқатар міндеттемелерді қабылдады", - деді сайлауды бақылау миссиясының басшысы Оуэн Мерфи.



Миссияның жұмысы нормативтік-құқықтық базаны қолдау, сайлау комиссияларының қызметкерлерін оқыту және т.б. салаларды қамтиды.


Бақылаушылар үгіт-насихат жүргізу, сайлау заңнамасының орындалуы, сондай-ақ сайлауға қатысты бұрынғы ұсынымдардың орындалуын қадағалайды.


Оуэн Мерфидің сөзінше, миссия сайлау күні сайлау учаскелерінің ашылуы, дауыс беру, бюллетеньдерді санау, нәтижелерді шығаруды бақылайтын болады.


Ол ЕҚЫҰ миссиясы жұмысының мақсаты сайлау науқанын қадағалау, қандай да бір заңнамалық өзгерістердің әсерін бақылау екенін жеткізді.



"Біздің миссияны Қазақстан билігі шақырғанын, өз кезегінде біз тәуелсіз бақылау жүргізетінімізді атап өткім келеді. Негізгі байқаушылар тәжірибелі сарапшылар болып есептеледі. Олар сайлау, референдум мәселелері бойынша білікті мамандар", - деді сайлауды бақылау миссиясының басшысы Оуэн Мерфи.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#сайлау #миссия #бақылау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);