AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сайлау заңға сәйкес өтті - тәуелсіз байқаушылар

Сайлау заңға сәйкес өтті - тәуелсіз байқаушылар

Әлеумет 21.11.2022, 04:10 1,293
Сайлау заңға сәйкес өтті - тәуелсіз байқаушылар
Сурет: Egemen.kz

Біздің байқаушылар ешбір заң бұзушылық тіркеген жоқ. Халық өз еркімен келіп, таңдау жасады - пікір


Сайлау күні 3643 байқаушы жұмыс істесе, соның 190-ы – шеттен келгендер болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


«Партиялық емес бақылау орталығы» РҚБ СҚО филиалы төрағасы Жанат Мұхаметжановтың айтуынша, бірлестіктің байқаушылары сайлау учаскелері ашылған сәтінен бастап жабылғанша жұмыс істеді. Олар өңірдегі 640 учаскенің 628-ін қамтыды, саяси науқанның өту барысын байқады.



«Біздің байқаушылар ешбір заң бұзушылық тіркеген жоқ. Халық өз еркімен келіп, таңдау жасады. Халық бұл күнді мереке ретінде сезініп, жақсы көңіл-күймен қабылдады. Әр сайлау учаскесінде шағын жәрмеңке, буфет ұйымдастырылған екен. Жалпы, сайлау заңға сәйкес өтті. Біз, негізі - тәуелсіз байқаушылармыз. Бұл күні үш ауысым бойынша жұмыс істедік», - деді Жанат Мұхаметжанов.



СҚО-да сайлаудың әділ өтуін 3 643 байқаушы бақылады. Олардың 190-ы – халықаралық байқаушы. Сондай-ақ 2 мыңы партиялық емес ұйымдардың атынан тіркелген. Олар дауыс беру аяқталғаннан кейін бюллетеньдерді санауға қатысты.



«Сайлаудың қалай өтіп жатқанын, талаптар сақталды ма, сайлаушылардың құқығы бұзылған жоқ па, соны бақыладық. Біз ешқандай кемшіліктерді көрген жоқпыз. Сайлау учаскелерінде үгіт материалдары болған жоқ», - деді байқаушы Бейбіт Әбілев.



Жалпы, СҚО-да 640 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Тізім бойынша 386 мың сайлаушы болды. ҚР Орталық сайлау комиссиясының азаматтардың келуі туралы алдын ала ақпары бойынша өңір тұрғындарының 79,01 % дауыс берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сайлау #пікір #байқаушылар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);