AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау-2023 / Сайлау науқанының үгіт кезеңі басталмай жатып наси...

Сайлау науқанының үгіт кезеңі басталмай жатып насихат жүргізгендер жауапқа тартылды

Сайлау-2023 18.02.2023, 08:33 1,057
Сайлау науқанының үгіт кезеңі басталмай жатып насихат жүргізгендер жауапқа тартылды
сурет: Аlmaty-akshamy.kz

Бұған дейін үгіт жүргізген 5 заң бұзушылық фактісі анықталған.


Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлау науқанында үгіт жұмыстарына рұқсат берілмей жатып, насихатпен айналысқандар жауапқа тартылды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысына қатысқан Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz



«Бүгінгі таңда сайлау бойынша қоғамдық пікірге сауалнама жүргізудің,  сондай-ақ сайлау алдындағы үгітті жүргізудің белгіленген тәртібі мен шарттарын сақтамаумен ұштасқан бірқатар заң бұзушылықтар тіркелді. Олардың біреуі елордада болған. Кінәлі адамға Астана қаласы Сарыарқа ауданы прокурорының қаулысымен қысқартылған іс жүргізу тәртібінде Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 120-бабы 3-бөлігі бойынша 7,5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды», - деді Жандос Өмірәлиев.



Бұған қоса, кандидаттар мен партиялық тізімдерді тіркеу аяқталғанға дейін үгіт жүргізген 5 заң бұзушылық фактісі анықталғанын атап өтті.



«Біреуі бойынша Талдықорған қаласының тұрғыны WhatsApp мессенджерінде үгіт жүргізгені үшін сот қаулысымен айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды. Қалғандары бойынша кінәлілерді осы баппен жауапқа тарту жөніндегі шаралар қабылданып жатыр», - деп тоқталды Бас прокурордың орынбасары.



 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сайлау #үгіт-насихат жұмыстары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);