AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Саяси қуғын-сүргін құрбандары жазасын өтеген 4 лаг...

Саяси қуғын-сүргін құрбандары жазасын өтеген 4 лагерьдің орны табылды

Оқиға 27.11.2021, 13:40 1,623
Саяси қуғын-сүргін құрбандары жазасын өтеген 4 лагерьдің орны табылды
Cурет: 24.kz

Бұл жерлерді құрбандарды ақтау мақсатында құрылған өңірлік жұмыс тобы анықтады


Ақмола облысында саяси қуғын-сүргін құрбандары жазасын өтеген 4 бірдей лагерьдің орны табылды. Төртеуі де  Зеренді ауданының аумағында орналасқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.


Бұрын-соңды беймәлім болған бұл жерлерді құрбандарды ақтау мақсатында құрылған өңірлік жұмыс тобы анықтады. Қуғын-сүргін құрбандары қамауда болған лагерьлердің бірі Үлгілі ауылының маңында орналасыпты. Тарихшылар бұл жерді бір жыл бойы зерттеді. Мұнда тіпті сотталғандарды күзеткен офицерлердің де зираты бар екен.



«Жергілікті ақсақалдардың айтуынша, бұл лагерь 1936 жылдан бастап 1952-1953 жылдарға дейін жұмыс істеген. 2 мыңға жуық адам сотталған. Негізінен бұл жерде сотталғандар саяси тұтқындар, мұғалімдер де болған, бірін бірі көрсеткен ауыл председательдері, бір уыс бидай үшін сотталғандар да осы жерде отырған көрінеді», – дейді Зеренді аудандық мемлекеттік мұрағат директоры Тілеген Сейфуллин.



 Зерттеушілер бұл араға арнайы белгі орнатып, құрбандарға Құран бағыштады. Ендігі мақсат лагерь орнына ескерткіш қойып, мұнда болғандардың тізімін анықтау.


Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі жұмыс тобының отырысына тарихшылардан бөлек ауыл ақсақалдары да қатысып, көрген-білгендерін ортаға салды. 


Ал қалған лагерьлердің орны Баратай, Симферополь және Приречный ауылдарының маңында орналасқан. Енді олардың бәрі жан-жақты зерттеліп, тарихи жерлерге туристік бағыт та ашылады. Тарихшылар мұндай түрмелер Біржан сал ауданының аумағында да болуы мүмкін деген болжам айтып отыр. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Лагер #қуғын-сүргін #құрбандар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);