ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Саясат Нұрбек Сингапурдағы Nanyang Technological U...

Саясат Нұрбек Сингапурдағы Nanyang Technological University өкілдерімен кездесті

Білім және ғылым 15.08.2023, 11:08 1,231
Саясат Нұрбек Сингапурдағы Nanyang Technological University өкілдерімен кездесті
Сурет: Ғылым және жоғары білім министрлігі
Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Сингапурдағы Nanyang Technological University өкілдерімен кездесу өткізді. Іс-шара барысында Сингапур мен қазақстандық жоғары оқу орындары...

Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Сингапурдағы Nanyang Technological University өкілдерімен кездесу өткізді.


Іс-шара барысында Сингапур мен қазақстандық жоғары оқу орындары арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 




Министр Nanyang Technological University басшылығына Қазақстанның жоғары білім және ғылым жүйесін дамыту және нығайту мақсатында министрлік жүргізіп жатқан реформалар туралы айтып берді. Оның ішінде, Мемлекет басшысы айқындаған Министрліктің негізгі басымдықтарымен таныстырды.




«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Министрлік Қазақстанда шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу бойынша жұмыс жүргізуде. Қазіргі уақытта елімізде жетекші әлемдік жоғары оқу орындарының бірнеше филиалдары ашылып, ынтымақтастық географиясын кеңейту үшін жағдайлар жасау қолға алынып жатыр», - деді Саясат Нұрбек.




Сонымен қатар, қонақтар «Болашақ» стипендиялық бағдарламасы және «500 ғалым» бағдарламасымен танысты. Министрдің айтуынша, «500 ғалым» бағдарламасы аясында отандық ғалымдар шетелдік университеттер мен зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өте алады.



Өз кезегінде Сингапур университеті президентінің орынбасары және провосты, профессор Ling San Nanyang Technological University қызметі туралы айтып берді. Сондай-ақ, ол қазақстандық әріптестерін қыркүйек айында өтетін онлайн-конференцияға қатысуға шақырды, шара барысында қазақстандықтардың осы жоо-ға түсу мүмкіндіктерін талқылауға болады.



Кездесу соңында тараптар қазақстандық жоғары оқу орындарының Nanyang Technological University-мен ынтымақтастық перспективаларын қарастырды. Министр Саясат Нұрбек қонақтарға сапары үшін алғыс айтып, жоғары білім мен ғылым саласындағы жемісті өзара серіктестікке үміт білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.