ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / С.Ахметова, Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, N157...

С.Ахметова, Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, N157 жалпы білім беретін орта мектеп директоры: Аманатқа адал AMANAT

Әлеумет 01.03.2022, 11:18 1,977
С.Ахметова, Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, N157 жалпы білім беретін орта мектеп директоры: Аманатқа адал AMANAT
almaty-akshamy.kz
Бүгін Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХІІ съезі онлайн форматта өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 393 делегат қатысты. Съезде партияның Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізіліп, Nur...

Бүгін Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХІІ съезі онлайн форматта өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 393 делегат қатысты. Съезде партияның Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізіліп, Nur Otan партиясын модернизациялау бағытындағы жоспар ұсынылды.


Партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов саяси ұйымның жұмысын жандандыратын 7 басымдықты атап өтті. Олар: Халықпен қарым-қатынаста кері байланыс эффективтілігін арттыру; Жергілікті жердегі партия өкілдіктерінің беделін көтеру; Партия жұмысында ашықтықты қамтамасыз ету; Партиялық бақылауды арттыру; Партия берген уәделерінің нақты іске асуы; Қоғамның әр саласымен байланыс орната білу; Jas Otan Жастар қанатын қайта жаңғырту.


Парламент Мәжілісіндегі Nur Otan партиясы фракциясының төрағасы Ерлан Қошанов партия атауын «Аманат» деп өзгерту туралы ұсыныс білдірді. Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бұл ұсынысқа қолдау білдірді, партияның жаңа атауын съезд делегаттары да бірауыздан қолдады. Жиында партияның Жарғысына тиісті өзгерістер енгізіліп, жаңа атауы мен белгісі бекітілді. 



 – Біз «Жаңа Қазақстанды» құруға кірістік. Бұл – өте ауқымды міндет. Партия барлық реформаға ұйытқы болуға тиіс. Ол үшін өзгерісті алдымен өзімізден бастауымыз керек. Сондықтан бүгінгі күн тәртібіндегі негізгі мәселе – партияны жаңғырту. Заман, қоғам, адам өзгеріп жатқанда, партияның өзгеруі – заңдылық. Саяси ұйымның атауын «Аманат» деп өзгерту ұсынылды. Бірнеше ұсыныс болды, соның ішінен Аманат деген атауға тоқтадық. Бұл – еліміз үшін де, ұлтымыз үшін де айрықша мәні бар киелі ұғым. Егемендігіміз, елдігіміз бен бірлігіміз, кең-байтақ жеріміз – бізге бабалардан жеткен аманат. Осы қастерлі құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, болашаққа мирас етуіміз керек. Мемлекеттілік дәстүр жалғастығы, ұрпақ сабақтастығы дегеніміз – міне, осы. Халқымыз ешқашан аманатқа қиянат жасамаған. Партия бұл қағидатты берік ұстанады, – деген Қасым-Жомарт Тоқаев партия жұмысын жүйелеу бағытында бірқатар тапсырма берді.



AMANAT – бабалардың бізге жеткен мұрасын болашаққа жеткізудегі алтын  көпір.


AMANAT –   мемлекетіміздің мүддесі үшін тарихи жауапкершілік.


AMANAT – халық мұрасын сақтаушы.


AMANAT –  мемлекеттік мүддеге адал, қоғам игілігіне жұмыс жасау.


Осындай «аманат жүгін арқалаған» еліміздің бас партиясына, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың ел үшін жасап жатқан игі істеріне сәттілік тілеймнін. Алға қойған мақсатқа жету жолында жаңарған партиямыз барлық реформаларды жүзеге асыра отырып, Президентке қолдау көрсетеді.



Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,259 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.