ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Сағынтаев КВИ бойынша Алматыдағы эпидемиологиялық...

Сағынтаев КВИ бойынша Алматыдағы эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануы туралы хабарлады

Медицина 02.09.2021, 16:44 1,157
Сағынтаев КВИ бойынша Алматыдағы эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануы туралы хабарлады
Сурет: Kt.kz
Қаланың денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру – басты міндеттердің бірі.

Қаланың денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру – басты міндеттердің бірі.


Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала активінің отырысында Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру және қаланың денсаулық сақтау жүйесін дамыту шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында КВИ пандемиясымен күресу, ең алдымен халықты вакциналау және профилактикалық екпенің Ұлттық күнтізбесін орындау міндеттерін қойды.


Алматыда 200-ге жуық екпе пункттері бар. Қазірдің өзінде бірінші компонентпен 875 мың адам, екіншісімен 748 мың адам вакциналанды.


Вакциналардың үздіксіз жеткізілуі қамтамасыз етілді. Қалаға барлығы 992 мың доза әкелінді. Бақытжан Сағынтаев тұрғындар арасында иммундық қабатты қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.


Алматы әкімі коронавирустық инфекцияның таралу динамикасы туралы айта келіп, ахуалдың тұрақтана бастағаны туралы хабарлады.



«Қабылданған шаралардың нәтижесінде Алматыда санитарлық-эпидемиологиялық ахуал тұрақтана бастады. Дерт деңгейінің тенденциясы төмендеуде. Бүгінде біз алматылықтардың тәуліктік жұқтыру деңгейінің өткен апталармен салыстырғанда 300 адамға азайғанын байқадық», - деді Бақытжан Сағынтаев.



Сонымен қатар, жедел жәрдемге қоңырау шалу саны күніне 4 мыңнан 2,4 мыңға дейін азайды. Науқастарды ауруханаға жатқызу көрсеткіші де екі есе төмендеді: төртінші толқынның шарықтау шегіндегі 800-ден 400-ге жуық адамға дейін. Бүгінде 9 мыңға жуық төсек-орын қолданыста, тағы бір мыңы резервте. Инфекциялық төсек-орындардың пайдаланылуы 55%-ды, реанимацияда 54%-ды құрайды. Егер бұрын үйдегі стационарда 14,5 мың адам болса, қазір олардың саны 9,8 мың.



«Дегенмен, ауыр зардаптар мен өлімге әкелетін жаңа індеттер қаупі әлі де бар. Сондықтан инфекцияның алдын алу, эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу, жұқтырудың жаппай тізбегін болдырмау стратегиялық міндет болып қала береді», - деп атап өтті Алматы әкімі.



Ол медициналық қызметтердің барлық спектріндегі сапалы қызметтің маңызын қадап тұрып айтты. АМСАК жүйесі скринингтік және профилактикалық тексерулерді жалғастыруы тиіс.


Бақытжан Сағынтаев қаланың денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жалғаса беретінін айтты. Соңғы екі жылда, пандемияға қарамастан, екі модульдік аурухана мен 1080 төсек орынды инфекциялық аурухананың филиалы салынды. Қаладағы 18 ірі ауруханада оттегі станциялары орнатылды. Кәріздік ағындар мен медициналық қалдықтарды залалсыздандыру жүйелері жаңарды.


Ана мен баланың денсаулығын қорғау үшін типтік қабылдау бөлімі және таза бөлмелер кешені әрі заманауи операциялық блогы, реанимация бөлімі бар құрылыс жобасы әзірленуде. Сондай-ақ, жаңа дәрігерлік амбулаториялық-емханалық мекемелер салу жоспары жасалды.



«Әкімдікке қарасты қаланың медициналық ұйымдарында 19 мыңнан астам медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Медициналық кадрлардың тапшылығын азайту үшін жол картасы жүзеге асырылуда, 120 резидентті өте тапшы медициналық мамандықтар бойынша оқыту үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді», - деді Бақытжан Сағынтаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,256 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.