ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / Сәбит Мұқановтың туғанына - 125 жыл

Сәбит Мұқановтың туғанына - 125 жыл

Өмір-өзен 26.04.2025, 13:17 1,029
Сәбит Мұқановтың туғанына - 125 жыл
Сурет: adebiportal.kz
Осыдан 125 жыл бұрын (1900-1973) атақты жазушы, қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, ақын, драматург, Қазақстан Ғылым академиясының академигі Сәбит Мұқанұлы Мұқанов дүниеге келді.

Осыдан 125 жыл бұрын (1900-1973) атақты жазушы, қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, ақын, драматург, Қазақстан Ғылым академиясының академигі Сәбит Мұқанұлы Мұқанов дүниеге келді.

Бұл туралы aqshamnews.kz kazinform.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

Ол Солтүстік Қазақстан облысының қазіргі Жамбыл ауданында туған.

Ауыл молдасынан білім алып, хат таниды. Зерек баланы халық ауыз әдебиеті қызықтырып, жастайынан жыр-толғауларды, қисса-дастандарды жаттап өседі, 14-15 жасында өзі де өлең шығара бастайды.

1918-1919 жылдары Омбыдағы мұғалімдік курста білім алады.

Еңбек жолын 1919 жылы ауылда мұғалім болып бастады. 

1921-1922 жылдары Ақмола губерниясы мемлекеттік саяси басқармасының төтенше мақсаттағы әскери бөлімнің жауынгері болды. 

1922-1926 жылдары Орынбордағы жұмысшылар факультетінде оқыған. 

1926-1928 жылдары республикалық «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеті бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Мемлекеттік баспасының бас редакторы қызметтерін атқарған. 

1928 жылы Петропавл қаласының «Кеңес ауылы» газетінің редакторы және жазушылар бөлімінің жетекшісі болған. 

1930 жылы жергілікті ақын-жазушылар шығармалары негізінде «Жарыс» альманахын шығарған.

1932-1935 жылдары Мәскеудегі Қызыл профессорлар институтының әдебиет бөлімінде оқыған. 

1935-1937 жылдары республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы болып, Қазақстан Жазушылар одағын басқарған. 

1937-1941 жылдары Қазақ педагогикалық институтының (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) профессоры болып, қазақ әдебиетінен сабақ берген. 

1943-1951 жылдары екінші рет Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы қызметін атқарған. 

1958-1969 жылдары Дүниежүзілік Бейбітшілікті қорғау комитеті кеңесінің мүшелігіне; 
1965-1969 жылдары Араб елдерімен достық және мәдени байланыстар қоғамы қазақ филиалының төрағалығына сайланған.

Мұқановтың қазақ әдебиетінде роман жанрын дамытудағы еңбегі зор. Жазушының «Адасқандар» шығармасы қазақ әдебиетіндегі тұңғыш романдардың бірі саналды. Ол бұл романды едәуір өзгерістер енгізіп, 1959 жылы «Мөлдір махаббат» деген атпен қайта бастырып шығарды. Бұл таптық күреске арналған қазақ тарихындағы алғашқы әлеуметтік-психологиялық туынды.

Көп жылдық зерттеу жұмысының қорытындысы — «Шоқан Уәлиханов» драмалық шығармасы. Мұнда көрнекті ағартушы-демократтың өмірі туралы баяндалады және екіншісі — «Қашқар қызы» драмасы. Оның қаламынан әдеби сыншы ретінде көптеген сыни мақала туындап, әдеби және тарихи-этнографиялық зерттеулер жарыққа шықты.

Оның есімі Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханаға, облыстық қазақ сазды-драма театрына, Петропавлдағы көшелердің біріне берілген. 

Сәбит ауылында жазушының мемориалдық музейі жұмыс істейді, мүсіні қойылған. Ал облыстық кітапханада Сәбит Мұқанов музей бөлмесі бар. Сондай-ақ Алматы қаласында Сәбит Мұқанов атындағы көшеде ескерткіш мүсіні орнатылып, әдеби мемориалдық мұражай-үйі жұмыс істейді.
Екі рет Ленин орденімен, екі рет Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.