AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сәбидің тұңғыш құжаты

Сәбидің тұңғыш құжаты

Әлеумет 05.07.2023, 04:32 1,254
Сәбидің тұңғыш құжаты
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматылықтарға «Азаматтарға арналған үкіметтің» алғашқы куәліктері табыс етілді


АХАЖ органдардың функциялары ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына берілді. Осыған байланысты, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы филиалында АХАЖ желісі бойынша алғашқы мемлекеттік қызмет алушыларды құттықтады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Мемлекеттік корпорация филиалының басшылығының қатысуымен Алматы қаласының аудандық АХАЖ бөлімдерінде Астана күніне, сондай-ақ АХАЖ функцияларын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына өтуіне орайластырылған шара өтті.



Филиал директорының орынбасары Фарида Бөкижанова «Неке және баланың туу туралы» куәліктерін тұңғыш алушыларды құттықтап, оларға мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдиннің атынан құттықтау хат пен естелік сыйлықтар табыс етті.



«Бүгін Алмалы және Медеу ауданының АХАЖ бөлімдерінде жас жұбайлар мен сәбилі болған ата-аналарды құттықтадық. Олар Мемлекеттік корпорацияның елтаңбалы мөрі қойылған «Неке куәліктері мен баланың тууы туралы» куәліктің тұңғыш иегерлері атанды. Сондай-ақ, жас жұбайларға гүл шоқтары мен жаңа туған нәрестелер үшін жұмсақ ойыншықтар табысталды. Осылайша, бүгін ондаған қала тұрғындарының отбасылық тарихы тағы бір қызықты оқиғамен толықтырылды. Олар бұл туралы балаларына, немерелеріне, шөберелеріне айтатын болады», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалы директорының орынбасары Фарида Бөкижанова.




АХАЖ функцияларының ауысуымен қызметтерді алу тәртібі өзгермегенін атап өткеніміз жөн. Некеге тұруға өтініштер бұрынғысынша электрондық үкіметтің e-gov. kz. веб-порталы арқылы электронды түрде беріледі. Қалауыңыз бойынша неке қиюды салтанатты жағдайда өткізуге болады.


Естеріңізге сала кетейік, АХАЖ қызметтерін тек тіркеуші органның қызметкерлері ғана көрсететін болады. Қолданыстағы мемлекеттік қызметтер стандарттары, қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері де әдеттегідей.


АХАЖ-дың барлық әлеуметтік маңызды қызметтері - тууды, өлімді мемлекеттік тіркеу тегін. Ақылы қызметтер қосылған құн салығын ескере отырып есептеледі.


Өткен жылы азаматтық хал актілерін тіркеу органдары (АХАТ) 100 жылдық мерейтойын атап өтті. Адамның туғанынан бастап, өмірінің соңына дейінгі айтулы сәттерінің куәсі болатын АХАЖ бөлімдерінің жұмысы, қандай формада болса да әлі де ғасырлар бойы жасай берері сөзсіз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #азамат #Куәлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);