AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды

Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды

Саясат 09.09.2025, 11:34 797 dulatbekova
Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды
Сурет: Akorda.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Ақорда сайтының мәліметінше, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Руслан Желдібай туралы не белгілі?

Р. Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысының Қаратау қаласында туған. 

2010 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдады. «Болашақ» халықаралық білім беру бағдарламасының түлегі. 2017 жылы Ұлыбританиядағы Уорик университетінің магистратурасын бітірді.

2011–2012 жж. – «Қазақстан» ұлттық телеарнасының редакторы.

2012–2018 жж. – «Алматы» телеарнасының бөлім басшысы, продюсері.

2018–2019 жж. – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде интернет кеңістігі мен әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс басқармасының басшысы.

2019–2020 жж. – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары.

2020 жылғы мамырдан 2022 жылғы ақпанға дейін – ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгеруші орынбасары.

2022 жылғы ақпаннан сәуірге дейін – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары.

2022 жылғы сәуірден 2023 жылғы қаңтарға дейін – Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы.

2023 жылғы қаңтардан 2023 жылғы қыркүйекке дейін – ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Президенттің Баспасөз хатшысы.

2023 жылғы 1 қыркүйектен 2025 жылғы 17 ақпанға дейін – Қазақстан Республикасы Президентінің Ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі.

2025 жылғы 17 ақпаннан бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі – Баспасөз хатшысы.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тағайындау #Президенттің баспасөз хатшысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);