ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / "Руслан және компания": марқұм актер Мұрат Бисемби...

"Руслан және компания": марқұм актер Мұрат Бисембин түскен фильмдерге шолу

Мәдениет 08.01.2026, 15:16 346
"Руслан және компания": марқұм актер Мұрат Бисембин түскен фильмдерге шолу
Коллаж: aqshamnews.kz
Қазақ киносына еңбегі сіңген актер Мұрат Бисембин 8 қаңтарда дүниеден өтті. Қаралы хабарды марқұмның қызы әлеуметтік желіде жариялағаны хабарланды. Аqshamnews.kz тілшісі оның кеңінен танылған...

Қазақ киносына еңбегі сіңген актер Мұрат Бисембин 8 қаңтарда дүниеден өтті. Қаралы хабарды марқұмның қызы әлеуметтік желіде жариялады. Аqshamnews.kz тілшісі оның кеңінен танылған жобалары мен ойнаған рөлдерін еске түсіріп өтті.

"Рэкетир" (2007)

90-жылдардағы Алматының қылмыс әлемі, "көшедегі заң", күш пен ықпал үшін арпалысқан топтар туралы оқиға. Фильмде Мұрат Бисембин Руслан есімді қылмыс әлеміндегі салмағы бар кейіпкерді сомдайды. Дәл осы рөлден кейін актердің танымалдығы артып, көптеген жобаға шақыртулар түсіп бастаған еді. Тіпті осы туындыдан кейін Бисембинді бәрі "Руслан братан" деп атап кеткен болатын. 

"Ағайындылар" (2009) 

Үш ағайындының өмірі, мінез-құлқы мен таңдауы, отбасылық байланыс пен тұрмыстық қайшылықтар өрбитін сериал. Ұлттық арнадан көрген телехикаяда да Мұрат Бисембин Руслан рөлінде ойнайды. "Рэкетирдегі" кейіпкерлердің бірнешеуі қатар түсетін бұл туынды да көрерменнің көңілінен шыққан еді. 

"Сказ о розовом зайце" (2010) 

Алматыға жаңа келген студент Ерланның үлкен қала заңына бейімделу жолындағы ауыр сынақтары суреттелетін фильмде Мұрат Бисембин Чукот есімді кейіпкерді ойнайды. Айта кетейік, аталмыш фильмнің екінші бөлімі биыл көрерменге қайта жол тартты.

"Рывок" (2010) 

Ауыр жарақаттан кейін спортқа қайта оралуға тырысатын Қанат есімді жасөспірімнің оқиғасы жайлы кинотуындыда Бисембин жаттықтырушының рөлінде ойнайды. Мотивациялық спорттық драма 2010 жылы жарық көріп, көпшіліктің көңілінен шыққан еді. 

"Брат или брак" (2017)

Кейінгі жылдардағы көрерменнің сүйікті комедиясына айналған "Брат или брак" фильмінің бүгінде үшінші бөлімі шыққан. Айдар есімді қарапайым жігіттің сүйген қызы Гаухарға үйленгісі келеді. Бірақ оның бес ағасы "жігіт саған лайық па?" деген сұрақпен жолын кеседі. Комедия дәл осы "ағалық бақылаудан" өтудің қызық-қалжыңға толы тартысына құрылған. Мұрат Бисембин мүнда Гаухардың Асан есімді қатал ағасын сомдайды. 

"Томирис" (2019) 

Актердің сырқаттанбай тұрып кейінгі түскен жобаларының бірі Ақан Сатаевтың - "Томирис" тарихи фильмі. Сақ дәуірі, Томирис ханшайымның тағдыры мен елдік жолы, тайпалардың бірігуі мен сыртқы қауіп-қатерге қарсы тұру идеясы көрініс табатын туындыда Мұрат Бисембин басты рөлдердің бірі Спаргап бейнесін сомдайды.

Мұрат Болатұлы Бисембин - Қызылордада дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетін инженер-электрик мамандығы бойынша тәмамдаған. Ол спортпен тұрақты айналысып (бокс, ауыр атлетика, бодибилдинг, пауэрлифтинг), "Хабар" арнасындағы "Арена" спорттық бағдарламасының жүргізушілерінің бірі болды. Марқұм отбасылы, үш баланың әкесі болатын.

2024 жылдың қыркүйегінде оған ұйқыбез обыры диагнозы қойылып, ем қабылдап бастады. Алайда 2025 жылғы желтоқсанда инсульттен кейін шұғыл ауруханаға жеткізіліп, 2026 жылы 8 қаңтарда мәңгілік сапарға аттанған мәлім болды. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.