Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Рухани жұтаңдық бүтінделуі керек

Рухани жұтаңдық бүтінделуі керек

Әлеумет 03.07.2024, 18:19 742
Рухани жұтаңдық бүтінделуі керек
Қайрат Қоныспаев

«Қанды қаңтар» оқиғасы ойланбағанның опық жеп, дүрбелеңнің дүрмекке ұласатынын, арандатудың аяғы қақпанға түсіретінін талайға түсіндіріп бергендей. Осы бір ащы сабақтан ой түйген замандастарымыз «Жау жоқ деме – жар астында, бөрі жоқ деме – бөрік астында» деген қазақтың даналық сөзін  түйсінгендей. Айдың-күннің аманында татулық пен бейбіт өміріміздің шырқын бұзған қанды оқиға қайталанбасын дейміз. Мемлекеттік төңкеріске әрекет еткен, дүниені дүр сілкінткендей оқыс оқиғаның себеп-салдары талданып, әділ бағасының берілетініне сенімдіміз.

Қаралы қаңтар мемлекетімізді қыруар қаржыға шығындар қылды, қаншама ғимарат қирады, дүкендер тоналды. Мородерлік, вандализм әрекеттері көрініс берді. Адал еңбекпен нәпақасын тауып жүрген қаншама кәсіпкер шығынға батты. Мемлекет қаншама арыз-шағымды қарап, тиісінше қаржылай жәрдемін жасап  жатса да, әлі де қаралып жатқан шағымдар бар көрінеді. Салығын төлеп, ел қоржынының жыртығын бүтіндеп жүрген кәсіпкерлерге мемлекет қолдан келген көмегін аяп қалмас.

Мемлекетіміз материалдық шығынды түгендеп қана қоймай, сарабдал саясатымен ел ішінде байқалып қалған рухани жұтаңдықты да бүтіндеуі керек деп ойлаймын. Өйткені, бұқара  арасында тәуелсіздіктің қадірін түсіне білмеген теріс пиғылдылар әлі де бар боп шықты. Бұрқ еткен көтеріліс  мемлекетті күйретуге ықпал еткен экстремистік пиғылды білдірді.

Лаңкестік пен экстремизм – жанкештілікке үндейтін жаһандық мәселе. Дегенмен, жаннан безген қарулы қақтығысқа итермелейтін мұндай тұрпайы топтық қылмыс қандай жағдайдан туындайды? Оны әбден зерттеп, зерделеу керек. Расымен, экстремизм бір күнде пайда бола салмайды ғой. Ол қай заманда да түрліше пішінде болған. Террорлық әрекет саяси не әлеуметтік себепке байланысты жеке адамның өзіне, көпшілікке, тіпті мемлекетке қысым жасау, оларды қорқыту мақсатында жасалатын қасақана қылмыс екені белгілі. Әріден ойласақ, ел ішінде әлі де әділ шешімін таппаған әлеуметтік мәселелер бар. Соған ден қойған абзал.

Экстремистік әрекет көбіне-көп басқа ағымның жетегіне кетіп, діни сенімді бетке ұстап, алданып, арбалып жүрген адамдардың қаперіндегі ойдан туындауы мүмкін. «Жанды жұмыс арқылы жансыздар табылады» демекші,  тап осы орайда қауіпсіздік органдарының да қапы қалып жатқан сыңайы байқалады. Алыс-жақын соғыстан көз ашпаған бірқатар шет елде «бас ауруға» айналған бұл проблеманы шешу жолы табылар емес. Құдайға тәубә, Қазақстан олардың қатарында емес. «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ» деген, бағытынан жаңылғандардың басым бөлігінің ниеті оңғарылып, үйірін табарына сенімдіміз.

.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қаңтар #көзқарас #халық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.