ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / «РУХ-ФЕСТ ҚЫРҒЫЗСТАН - 100» фестивалінен  олжалы...

«РУХ-ФЕСТ ҚЫРҒЫЗСТАН - 100» фестивалінен  олжалы оралды

Мәдениет 29.09.2024, 17:59 843
«РУХ-ФЕСТ ҚЫРҒЫЗСТАН - 100»  фестивалінен  олжалы оралды
almaty-akshamy.kz
Жуырда Қара Қырғыз автономиялық облысының 100 жылдығына орай «Рух Бейне» халықаралық шығармашылық академиясы мен «АҚТАЛ» әдеби шығармашылық бірлестігі ұйымдастырған халықаралық шеңбердегі...

Жуырда Қара Қырғыз автономиялық облысының 100 жылдығына орай «Рух Бейне» халықаралық шығармашылық академиясы мен «АҚТАЛ» әдеби шығармашылық бірлестігі ұйымдастырған халықаралық шеңбердегі «Рух-Фест Қырғызстан – 100» фестивалінің қорытынды салтанаты  Бішкек қаласындағы  Алыкул Осмонов атындағы Қырғыз ұлттық кітапханасында өтті.

Айыр қалпақты көрші елдің қаламгерлері жариялаған мүшәйраға өлең-толғауын жолдаған  қазақстандық  Әлем халықтары жазушылары одағының бір топ мүшелері фестивальдің мәртебелі қонағы болып қатысып қайтты. Бір елдің ірге бекітуіне ғасыр толған осынау алқалы жиынға  Ресейдің «Алтын қалам» әдеби қоғамдастығының негізін қалаушы әрі президенті, жазушы-журналист Светлана Савицкая, «Адамзаттың Айтматовы» атанған  атақты жазушы Шыңғыс Айтматовтың қарындасы, ғалым-ұстаз Роза Төреқұлқызы Айтматова қатысып, тілектестігін білдірді.

«Тарихсыз халық, тамырсыз жер болмайды» дегендей, біздің қырғыз халқының сан ғасырлық тарихы бар. «Тарихыңды жоққа шығарсаң, тамырсыз боласың» деп аталарымыз айтқандай, тарихымызды ешқашан ұмытпауымыз керек. Сондықтан қырғыз халқы ата-бабаларымыз бен бүгінгі берекелі өміріміздің негізін қалаған, халқымыздың атын, көне тілімізді ғасырлар бойы сақтап, тәуелсіз Қырғыз Республикасының құрылып, нығаюына даңғыл жол салған тұлғалардың жарқын естеліктерін сақтауы керек, --   «Рух Бейне» халықаралық шығармашылық академиясының президенті Қайыргүл Жолдошбекқызы.

Байқауға алпыс екі шығарма келіп түсті.  Байқауға қазақ, орыс, түрік, өзбек елдері қаламгерлерінің туындылары қатыстырылды. Комиссияны белгілі профессор, педагогика ғылымдарының докторы, «Тоголок Молдо» атындағы әдеби сыйлықтың иесі Сулайман Рысбаев басқарды. Жеңімпаз бен жүлдегерлерді анықтау жасырын жолмен жүргізілді.   Жүлделі 1-орын  тараздық Ж.Толашқызына бұйырды.  2-орын түркістандық Ғ.Бектөреев алды. 3-орынды ақтөбелік Сағынғали Нұрышев иеленді. Ынталандыру сыйлықтары ақын Мақсұтхан Баркөл-Дәлейұлы мен Гүлжанат Шонабайға берілді.  Жеңімпаздар мен жүлдегерлер құрмет грамотасы мен ақшалай сыйлықпен марапатталды. 

Қырғызстанға сапар шеккен қазақ делегациясының құрамында Алматыдағы Чайковский атындағы музыкалық колледждің студенті Мәди Мырзахан  Молдабайдың әнін әуелетіп, зор даусымен қырғыз ағайындарды  тәнті етті. Мәди бір ғасыр бұрын қара домбырасымен Парижде ән салған Әміре атасының жолын қайта жаңғыртқандай.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.