ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Робототехника, дрон басқаруды үйренгіңіз келсе...

Робототехника, дрон басқаруды үйренгіңіз келсе...

Не? Қайда? Қашан? 07.11.2023, 03:08 1,781
Робототехника, дрон басқаруды үйренгіңіз келсе...
Almaty-akshamy.kz
Алматының Оқушылар сарайында 60 мыңнан астам оқушыны бір ай ішінде робототехниканы, дрондарды басқаруға үйрету және өзге үйірмелерге қатысу қолжетімді болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматының Оқушылар сарайында 60 мыңнан астам оқушыны бір ай ішінде робототехниканы, дрондарды басқаруға үйрету және өзге үйірмелерге қатысу қолжетімді болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Оқушылар сарайы бүгінде өз дамуының жаңа кезеңіне өтуде. Алматы әкімдігінің қолдауымен жобалық кеңсе аясында осынау қосымша білім беру мекемесі өз тарихында ауқымды модернизацияланудың екі кезеңін іске асырды және өз қызметін кеңейтті. Нысанның алаңы 35 мың шаршы метрден асады.


Қала оқушылары үшін зымыран жасау және аэроорталық, планетарий, VR және дрондарды басқару зертханасы, физика, химия, биология және гидропоника бойынша ғылыми зертханалар, сондай-ақ робот жасау, IT-бағдарламалау және басқа да ұшыру алаңдары бойынша үйірмелер ашылды. Сондай-ақ, спорттық, көркемдік, әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы жаңа үйірмелер іске қосылды.


Бұл пайдалы үйірмелер енді аптасына 15 мыңнан астам алматылық оқушыны, ал күніне 3000 – ға жуық баланы қабылдай алады. Модернизацияланудан кейінгі Оқушылар сарайының жобалық қуаты осындай. 


Айта кетерлігі, Оқушылар сарайы 1983 жылы салынған тарихи маңызы бар сәулет нысаны болып табылады. 


2019 жылы Алматы әкімдігінің қаулысына сәйкес Оқушылар сарайына туристер мен натуралистер станциялары, №12 балалар музыкалық мектебі және №4 джаз балалар музыкалық мектебі өздерінің материалдық базасымен және қаржыландыруымен қосылды.


Өткен жылы Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен скверді абаттандыру жұмыстары аяқталды. Сыртқы жарықтандыру ауыстырылды, жаңа ағаштар мен гүлзарлар отырғызылды, көгалдандыру жүргізілді, суару жүйесі тартылды, жабындылар төселді. Сондай-ақ жаңа орындықтар мен урналар орнатылып, субұрқақ салынды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.