AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Ринат Зайыт вице‑министрден бейпіл сөз бен фолькло...

Ринат Зайыт вице‑министрден бейпіл сөз бен фольклор шекарасын нақтылауды сұрады

Мәдениет 15.10.2025, 12:16 1,084
Ринат Зайыт вице‑министрден бейпіл сөз бен фольклор шекарасын нақтылауды сұрады
Cурет: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты Ринат Зайыт ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Қанат Ысқақовке көркем шығармалардағы бейпіл сөздерге қатысты сұрақ жолады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

"Бір-ақ нәрсені білгім келеді. Көркем шығарма деген болады. Қазір сіздер қызды-қыздымен "ана-мынаны тоқтату керек" деп жатырсыздар. Келісемін, боқтық айтуға болмайды. Бірақ ертең "бір түнде 7-8 қызды алып қаштым" деп ән айтқан менің жасымдағы жігіттерді соттап жүрмейміз бе? "Егер мен шын сүйсем, асыл еркем, ертең кешке ждайын тұр, қашу оңай" деген халық әні бар. Мұндай сараптаманы кім жасайды. Құзіреті бар адамдар ма? Оларды біз танимыз ба? Екіншіден, көркем шығармаларды қалай қорғайсыздар? Ертең фольклорымыздан айырылып қалып жүрмейік", - деді ол. 

"Ондай әндерді айту үшін Иман Жүсіп болуымыз керек" деп әзілдеді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов. 

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Қанат Ысқақов сараптаманы кім жүргізетінін айтты.

"Ең алдымен, бізде Конституция бойынша цензураға тыйым салынған. Екіншіден, шығармашылық еркіндік заңға қайшы болмаса, біз қолдаймыз. Сондықтан сараптаманы құқық қорғау органдары өткізбейді, оны біздің шығармашылық топ қарайды. Көркем шығармаларға келсек, сюжет деген нәрсе бар. Оның бәрін қараймыз. Егер заңға қарсы нәрселер көрінсе, оны режиссерге айтып, түзету жұмыстары ғана жүргізіледі. Ал былай жауапқа тарту деген жоқ", - деді ол. 

Еске салайық, бұған дейін енді ән мәтінінде зорлық-зомбылыққа немесе алып қашуға шақыратын сөздері бар туындының авторы тексерілетіні айтылған еді. Ішкі істер министрлігі ондай әндердің әрқайсына құқық тұрғысынан баға беруге дайын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мәжіліс #Мәжіліс депутаты #Сауал #шығарма #тыйым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);