AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы...

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алды

Әлеумет 08.04.2024, 07:59 1,752 Almaty-akshamy.kz. 
Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алды
Сурет: Самат Құсайынов

8 сәуір күні республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды. Науқан 5 аптаға созылады. Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты болмақ, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Науқанның алғашқы күнінен 13 сәуірге дейін созылатын бірінші апта «Таза өлке» деп аталады. Бастапқы жеті күн ішінде елдімекендердің тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалайды.


20 сәуірге дейін жалғасатын екінші аптаға «Киелі мекен» аты беріледі. Бұл күндері тарихи-мәдени ескерткіштер аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. 


27 сәуірге дейінгі үшінші аптаға «Жасыл аймақ» тақырыбы қойылып, бұл апталықта ағаш көшеттері отырғызылады және ағаштар әктеледі. 


«Өнегелі ұрпақ» деп аталған келесі апталық 4 мамырға дейін жалғасады. Айтылған күндері ардагерлер мен қарттардың аулалары тазаланып, оларды абаттандыруға көмек беріледі. «Мөлдір бұлақ» аты берілген соңғы, бесінші аптада су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады.


Акцияға еліміздің өңірлері қосылуда. Мысалы, республикалық акция Алматы қаласында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» жалпықалалық науқаны аясында өтеді. Оның мақсаты: 



  • қала тұрғындары арасында қоғамдық мәдениет деңгейін арттыру;

  • қалалық мүлікке ұқыпты қарауға үйрету;

  • қоғамдық орындардағы дөрекілік пен қоғамға жат теріс мінез-құлыққа тосқауыл қою;

  • вандализмге қарсы қоғамдық сана тәрбиелеу;


Игі бастама аясында қазақстандықтар ынтымақ пен өзара көмекке үйрететін, жақсы қасиеттерді насихаттайтын қайырымдылық және мәдени іс-шаралар өтеді.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Таза Қазақстан #тазалық #акция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);