ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Экономика / Республикалық бюджет туралы заң қабылданды

Республикалық бюджет туралы заң қабылданды

Экономика 02.11.2023, 03:39 1,159
Республикалық бюджет туралы заң қабылданды
Сурет: Almaty-akshamy.kz
Өңірлерді дамытуға 7 трлн теңгеден астам қаржы бөлінген.

Өңірлерді дамытуға 7 трлн теңгеден астам қаржы бөлінген.


Мәжіліс депутаттары Ұлттық қордан 2024-2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт пен 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңды қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz парламент палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Отырыс барысында премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев "2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын ұсынды.


Оның айтуынша, 2024 жылға арналған түсімдер 20,4 трлн теңге деңгейінде болжануда. Бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге шаққанда 2,6% деңгейінде болжанып отыр. Жалпы бюджеттің 2024 жылға арналған шығындар биылмен салыстырғанда 1,5 трлн теңгеге ұлғайып, шамамен 24 трлн теңгені құраған.



Жалпы республикалық бюджеттің басым бөлігі мемлекеттік және әлеуметтік міндеттемелерді толыққанды орындауға және өңірлерді дамытуға бағытталған. Сонымен, индекстеуді есепке алғанда 5,4 трлн теңге зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге кетсе, 2,4 трлн теңге денсаулық сақтау жүйесін дамытуға, оның ішінде "Ауыл шаруашылығын жаңғырту" ұлттық жобасын іске асыруға жұмсалады. Білім саласын дамытуға, атап айтқанда, "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын жүзеге асыруға 1,7 трлн теңге бөлінеді.



Сондай-ақ, Ерұлан Жамаубаев өңірлерді дамыту шығындарына да тоқталды. Бұл мақсаттарға 7 трлн теңгеден астам қаржы бөлінген.


Халықтың табысын арттыру бағдарламасы аясында азаматтарды жұмыспен қамтуға 3,5 трлн теңге бөлу жоспарланған. Оның ішінде 2,5 трлн теңге 1,5 миллионнан астам жұмысшының жалақысын арттыруға қарастырылған.


Экономиканың нақты секторын дамытуға 2,8 трлн теңге қарастырылады. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібін дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және басқа да басым міндеттерді жүзеге асыру жоспарлануда.


Күш құрылымдарының шығындары 2,6 трлн теңгені құрады.


Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Ұлттық қордың валюталық активтері 2024 жылы 68 млрд АҚШ долларын құрап, 2025-2026 жылдары 80,7-93,3 млрд АҚШ долларына дейін өседі деп болжанып отырғанын атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,259 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.