AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Республикалық ардагерлер кеңесінің VIII съезіне Ал...

Республикалық ардагерлер кеңесінің VIII съезіне Алматыдан кімдер қатыспақ?

Өмір-өзен 14.09.2021, 16:51 1,611
Республикалық ардагерлер кеңесінің VIII съезіне Алматыдан кімдер қатыспақ?
Almaty-akshamy.kz

Республикалық аёрдагерлер жиыны өтпек


Бес жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінен келетін ардақты ақсақалдардың басын қосатын кездесу биыл қазан айында Нұр-Сұлтанда өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ға сілтеме жасап.


Республикалық ардагерлер кеңесінің VIII съезіне Алматы қаласынан қатысатын делегаттар белгілі болды. Бес жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінен келетін ардақты ақсақалдардың басын қосатын кездесу биыл қазан айында Нұр-Сұлтанда өтеді. Бүгін қалалық ардагерлер ұйымының Х конференциясында бас қосқан аға буын өкілдері 5 жылдық жұмысты қорытындылап, алдағы жоспарларды саралады. 


Ардагерлер – елдің ұйытқысы, көшбасшысы. Бүгінде қалалық ардагерлер ұйымының әрбір мүшесі - еліміз тәуелсіздік алған жылдары жауапты қызметте болған тұлғалар. Қаланың өсіп-өркендеуі жолында сүбелі үлес қосты, кейінгілерге тағылымды тәрбие берді, рухани азық болатын үлкен мектеп қалыптастырды. Сол себепті қартын қазынаға балап, тектісін төріне шығарған қазақ үлкендерді қашанда жоғары бағалаған. Бүгінгі жиында 3 мәселе қаралып, бірқатар ұсыныстар енгізілді.      



«Бұл конференцияның маңызы 7-съезден кейінгі 6 жылдың ішінде өтейіндеп отырған шара. 9-10 конференцияның арасы 6 жыл болып отыр. Бұл әлеуметтік тұрмыстық, қарттардың жағдайын сипаттайтын белгіленіп қойылады», – деді Алатау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Құдайберген Қабдолдин.



Ардагерлер бүгін 9 делегатты сайлады. Олар қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін келелі жиынға барады. Конференцияда делегат мүшелеріне қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасын сайлау мүмкіндігі берілді. Пленум мүшелері бір ауыздан  Бижанов Ахан Құсайынұлының кандидатурасын қолдады. Шараға қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров пен аудандық кеңес мүшелері ZOOM платформасы арқылы онлайн қатысты.    



«Бұл қаламызда өткізіліп отырған аса маңызды шараның бірі. Бұл кездесудің Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында өткізілуінің өзі үлкен сәйкестік дер едім. Соңғы бес жыл ішінде қаламызда зейнеткерлер саны 5 есеге дейін өсті. Оларға көрсетілетін әлеуметтік көмек те қала әкімдігінің қолдауымен сәтті жүзеге асып келеді», – деді қалалық ардагерлер ұйымының төрғасы Ахан Бижанов.




Сондай-ақ, қазір қалада 232 мыңға жуық зейнеткер бар. Жыл сайын ардагерлер арасында мәдени-спорттық шаралар өткізіліп, туристік бағыттағы танымдық экскурсиялар ұйымдастырылып тұрады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#республика #Ардагер #Кеңес #қатысу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);