AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Республикалар жолы: тарихтан болашаққа

Республикалар жолы: тарихтан болашаққа

Әлеумет 30.10.2024, 10:51 1,951
Республикалар жолы: тарихтан болашаққа
Фото: Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультеті

2024 жылдың 29 қазанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультеті Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасында Қазақстан және Түркия Республикаларының Республика күндеріне орай «Республикалар жолы: тарихтан болашаққа» атты мерекелік шара өтті.

Іс-шараны кафедраның аға оқытушысы, куратор-эдвайзер Жеңісбек Әкімбекұлы Әбілдаев пен «Жас зерттеуші» үйірмесінің жылдық жоспары аясында «6B02207-Шығыстану» мамандығының 4-курс студенттері ұйымдастырды. Мерекелік шараға факультеттің профессор-оқытушы құрамы, магистранттар, докторанттар, студенттер және түрік бизнес өкілдері қатысты.

Іс-шара екі маңызды кезеңге бөлінді. Бірінші кезең Қазақстан мен Түркия Республикаларының әнұрандарын орындаумен басталып, студенттер дайындаған баяндамалармен жалғасты. 4-курс студенттері Мұратова Альбина мен Үміт Яшар Оғызжан «Мұстафа Кемалды еске алғанда» (түрікше), Кеңесова Аяжан «Заула, егемендік тұлпары» (қазақша), Хакимбаева Азиза «Республика» (түрікше) атты өлеңдерін оқыды. Анер Арлан бауырлас екі елдің республика жолындағы даму ерекшеліктерін бейнелейтін бейнеролик дайындаса, Мұхидин Гүлдана «Қазақстан мен Түркия Республикаларының тәуелсіздік пен ұлттық бірлік жолы» тақырыбында (қазақша-түрікше) баяндама жасады.

Іс-шараның екінші кезеңі халықаралық мансаптық платформаға бағытталды. Түркия Республикасы Президенті Аппаратының Адам ресурстары орталығының өкілі Мерт Текбыйык мырза 2024 жылдың 2 қарашасында InterContinental Almaty қонақүйінде өтетін TALENTforBIZ көрмесі туралы таныстырылым жасады. Бұл шара Turkish Airlines, Ziraat Bank және Halkbank сияқты беделді компаниялардың мансаптық мүмкіндіктері туралы ақпарат берді. Қатысушылар болашақ мансаптары үшін көптеген маңызды ақпарат алып, көрмеге қатысуға тіркеуден өтті. Жастардың осы бағытта белсенді жұмыс істейтініне сенім білдірілді.

Мерекелік шара соңында Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының меңгерушісі Мырзахан Шәріпбайұлы Эгамбердиев іс-шараның жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, келген қонақтар мен студенттерге, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Сондай-ақ, болашақта кафедрада осындай шаралардың көптеп ұйымдастырылатынын айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Түркия #Республика күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);