Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Республика күніне арналған конференция өтті

Республика күніне арналған конференция өтті

Әлеумет 21.10.2022, 10:19 1,855
Республика күніне арналған конференция өтті
Суретті түсірген Қайрат ҚОНЫСБАЙ

Қазақстан-Британ техникалық университетінің әл-Фараби атындағы кіші залында Республика күніне арналған ғылыми-практикалық конференция өтті.


Республика күніне арналған конференцияға Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахан Бижанов, ХІІ шақырылған Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің бұрынғы депутаттары, Алматы қалалық мәслихат депутаттары және өзге қазақ зиялылары қатысты. Конференция барысында 1990 жылы 25 қазанда «Мемлекеттік егемендік туралы» декларацияның қалай қабылданғаны еске алынып, алдағы Республика күнін атап өтудің маңызы талқыланды.




«1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Ол Республикамыздың тәуелсіздігіне жасалған алғашқы қадам болды, сол сәттен еліміздің жаңа тарихы басталды. Азаттық, тәуелсіздік, егемендік кез келген ұлт үшін ең қымбат мұра. Сол тұрғыдан декларация еліміздің егемендігі мен тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстанның саяси-құқықтық негіздерін жариялады», – деді Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахан Бижанов.



Конференцияда алғы сөз айтылған соң, барлық жиын қатысушыларын Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев алда келе жатқан Республика күнімен құттықтады.



«Алатаудың баурайындағы әсем қаламыз Алматыда 1990 жылы Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданып, еліміздің шынайы тәуелсіздігіне жол ашылады. Ата-бабаларымызға ғасырлар бойы арман болған егемендікке қадам басқан бұл күн арнайы мереке болып белгіленді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен оған ұлттық нақыш берілді, арнайы заң қабылданды. Баршаңызды келе жатқан Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын», – деді Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев.



Декларацияның қабылдануына үлес қосып, осынау тарихи сәттің бастауында болған ХІІ шақырылған Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің бұрынғы депутаттары да өз естеліктерімен бөлісті.




«Декларацияны қабылдағанда 360 депутат болды, оңай емес қой? Бұл демократиялық процесс басталған уақыт. Әрине, көпшілігі оны қолдап дауыс берсе де, бірақ 18 адам қарсы болды. Міне, ол кездері сондай толқу болды. Сонда декларация қабылданғанда бір-бірімізге қарасақ, көзімізден жас шығып тұр. Енді ата-бабаның арманы келіп отыр ғой. Тәуелсіздікке деген ең үлкен қадам осы біздің», – деді ХІІ шақырылған Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің бұрынғы депутаты Сәбден Оразалы.



Сондай-ақ, Қазақстан-Британ техникалық университетінің студенттері көшеге Ту ұстап шығып, Республика күніне орай Көк Ту акциясын өткізді.



 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #республика #Тәуелсіздік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.