AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Республика күні Алматыда мемлекеттік ту көтерілді

Республика күні Алматыда мемлекеттік ту көтерілді

Әлеумет 25.10.2023, 07:38 1,480
Республика күні Алматыда мемлекеттік ту көтерілді
Almaty-akshamy.kz

Республика күніне арналған акция аясында «Медеу» биік таулы кешенінің алаңында биіктігі 40 метр мемлекеттік ту көтеріліп, әнұран орындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Салтанатты шара асқақ Алатаудың бауырында, «Медеу» алаңында өтті. Бұл еліміздегі ең биік ту бағаналарының бірі. Рәсімге қала әкімі Ерболат Досаев мырза бастаған әкімдік өкілдері, Мәслихат депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, мәдениет саласының өкілдері және қала жастары қатысты.



Республика күніне арналған іс-шара «Медеуде» қазақстандық эстрада әртістерінің қатысуымен өткен концертпен жалғасты. Сахнада Мұқасан Шахзадаев, Мақсат Базарбаев, Інжу Әнуарбек, Абай Бегей, Асхат Тарғын және Индира Елемес өнер көрсетті.  



Сонымен қатар, Республика күні Алматыда бірқатар басқа да іс-шара ұйымдастырылды:


- Жібек жолы даңғылында, Панфилов пен Бәйсейітова көшелерінің арасында сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін қолөнершілер жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан шеберлерінің қолдан жасалған бұйымдары ұсынылады.



-10:00-ден 18:00-ге дейін Абай даңғылы, 159 мекенжайындағы спорт-жаттығу кешенінде шағын футбол, волейбол және дзюдодан, сонымен бірге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да үстел теннисі және қазақ күресінен спорт фестивалі өтеді.


- Сағат 14:00-де «Көк-төбе» саябағында «Алматы әуендері» шығармашылық ұжымдарының қатысуымен «Жасай бер мәңгі – Қазақстан» атты мерекелік концерт өтеді.



- Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында 15:00-ден 18:00-ге дейін қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысатын қазақ күресінен «Өнер барысы» турнирі өтеді.


-Сағат 16:00-де Қазақ мемлекеттік циркінде Республика күніне және атақты клоун және сиқыршы Кәрім Мұтырғановтың 70 жылдығына арналған бенефис ұйымдастырылады. Акробаттар, әуе гимнасттары, жонглерлер, эквилибристер, иллюзионистер мен сайқымазақтар шоу-бағдарлама көрсетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Медеу #мереке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);