ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Республика алаңындағы субұрқақтар күрделі жөндеуде...

Республика алаңындағы субұрқақтар күрделі жөндеуден өтеді

Әлеумет 13.03.2025, 10:10 656
Республика алаңындағы субұрқақтар күрделі жөндеуден өтеді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі
Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесу барысында қалада қоғамдық кеңістіктерді көркейту және жайлы қалалық орта құру жұмыстары жүйелі түрде жалғасатынын айтты, деп...

Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесу барысында қалада қоғамдық кеңістіктерді көркейту және жайлы қалалық орта құру жұмыстары жүйелі түрде жалғасатынын айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

2024 жылы үш серуен аймағын көркейту жұмыстары аяқталды: Абай даңғылының Тұрғыт Озал көшесінен Байзақов көшесіне дейінгі бөлігі, Желтоқсан көшесінің Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесі арасындағы учаскесі және Абай мен Гагарин даңғылдарының қиылысындағы сквер.

Бұл жобалар аясында жаңа балалар және спорт алаңдары, көше жиһаздары, демалыс орындары орнатылып, жарықтандыру жүйесі жаңғыртылды, сондай-ақ жасыл желек отырғызылды.

Сонымен қатар, 2024 жылдың желтоқсанында Гагарин даңғылы бойындағы бульвардағы құрылыс жұмыстары аяқталды, ал биыл сәуір айында оның көгалдандыру жұмыстары аяқталады.

«Былтыр қазан айында Үлкен Алматы өзенінің жағалауын су бөлгіштен Абай даңғылына дейінгі 5,7 шақырымдық аумақта реконструкциялау жұмыстары басталды. Жоба аясында бетон тіреуіш құрылымдарын толық жаңарту, жаяу жүргіншілер көпірлерін, балалар және спорт алаңдарын, көше жиһаздарын орнату және веложолақтар салу қарастырылған. Бұл жұмыстарды 2026 жылдың сәуір айында аяқтауды жоспарлап отырмыз», – деді Ерболат Досаев.

Сонымен қатар, оның айтуынша, биыл мамыр айында тағы үш қоғамдық кеңістікті көркейту бойынша ауқымды жұмыс басталады. «Атакент» ҚІЫО аумағын реконструкциялау (асфальт жабындысы мен тас төсеніштерді ауыстыру, автоматты суару жүйесін орнату, жарықтандыру мен көше жиһаздарын жаңарту), «Оңтүстік» саябағының солтүстігіндегі жасыл аймақты көркейту (жаяу жүргіншілер жолын төсеу, көгалдандыру, жарықтандыру және көше жиһаздарын орнату), Нұр-Алатау шағын ауданындағы скверді көркейту.

Сондай-ақ, мамыр айында Республика алаңындағы субұрқақ кешендеріне күрделі жөндеу жұмыстары басталып, оларды 2025 жылдың қазан айында аяқтау жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,441 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,318 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,985 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.