ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Сайлау-2023 / Ресейлік бақылаушылар Алматыдағы сайлау барысына о...

Ресейлік бақылаушылар Алматыдағы сайлау барысына оң баға берді

Сайлау-2023 19.03.2023, 17:42 834
Ресейлік бақылаушылар Алматыдағы сайлау барысына оң баға берді
Cурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Сайлаушылардың әдемі киінуі мен көтеріңкі көңіл-күйі, жоғары ұйымдастыру деңгейі және көптеген бақылаушылар: РФ бақылаушылары Алматыдағы дауыс беру барысына оң баға берді.

Сайлаушылардың әдемі киінуі мен көтеріңкі көңіл-күйі, жоғары ұйымдастыру деңгейі және көптеген бақылаушылар: РФ бақылаушылары Алматыдағы дауыс беру барысына оң баға берді.


Алматыдағы бүгінгі сайлау барысына жалпықалалық баспасөз орталығының брифингінде Тула қалалық  думасының 6-шы шақылымының депутаты,  Дума (РФ) төрағасының орынбасары Евгений Смолянинов осындай баға берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Маған ұлы Қазақстан еліне келу бақыты бұйырды, білесіздер ме, мен бізді күтіп алған, сапарымызды ұйымдастырған адамдарға алғыс айтқым келеді. Қазақстанның тарихы таң қалдырады. Бүгін біз 11-ге жуық бөлімді араладық, ешқандай ескертулерді байқамадық, барлығы заң аясында. Менің бір аңғарғаным, адамдардың өз сайлау учаскелеріне жылы жүзбен, қуана келіп жатты. Адамдар өздерінің Ұлы елінің тағдырын шешкісі келеді», - деді спикер.



Сонымен бірге, ол учаскелік комиссия мүшелерінің ұлттық стильде өте әдемі етіп жарасымды киінгенін атап өтті. 



«Мен әртүрлі партиялардан және бір мандатты кандидаттардан көптеген бақылаушыларды байқадым. Ал бұл бақылаушылар негізінен жастар, сайлаушыларға келетін болсақ, таңертең жасы үлкен адамдар қатары көбірек болды, жастар түске таман ұйқыларынан тұрып, ел тағдырын таңдауға ат салысуда. Әр учаскеде ұлттық тағамдар таратылып, дастархан жайылды», - деп жалғастырды Смолянинов.



Жалпы, Алматы қаласындағы сайлау учаскелерінде оң динамика байқалады. Спикер біздің елдер арасындағы сайлау үдерісінен ешқандай айырмашылық көрмеді. Ол Қазақстанда сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылған деп есептейді.


Сөз соңында Ресей Федерациясынан келген спикер бір қызық оқиғаны айтып берді, бүгін бір алматылық қарт келіп, жас кезінде таңдау құқығы болмағанын, қазір таңдау құқығы бар екенін айтқан екен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.