AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ресейге жалға берілген полигонның орны мемлекетке...

Ресейге жалға берілген полигонның орны мемлекетке қайтарылды

Әлеумет 21.11.2021, 06:30 1,261 Almaty-akshamy
Ресейге жалға берілген полигонның орны мемлекетке қайтарылды
Cурет: Ақжайық газеті

32 қыстақтың 53 мың 600 гектар жері заңдастырылып берілді


Ресей Қазақстаннан жалға алған Атырау облысындағы (Қызылқоға ауданындағы) жерлердің негізгі бөлігі мемлекеттік қорға қайтарылатын болды. Тиісті заң күшіне енді деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақжайық-қа сілтеме жасап.


Кезінде РФ қорғаныс министрлігі Қызылқоға ауданындағы 750 мың гектарды 25 жылға жалға алған болатын. Ондағы полигонда жиырмадан астам ядролық жарылыс болып, кейін ол жерлер ұзақ уақытқа дейін пайдаланылмады. ҚР  премьер мнинстрінің орынбасары Роман СКЛЯР осы жерлерге қатысты депуттатардың сауалына былай деп жауап берген еді: «2016 жылғы 22 ақпанда сынақ полигондарын пайдалану және жалдау туралы шарт ратификациаланды. Шарт туралы бұрын Ресей Федерациясы қорғаныс министрлігінен жалға алынған № 929 «Мемлекеттік ұшу сынақ орталығы» полигонының солтүстік бөлігі Қазақстанның юрисдикциясына өтті. Атырау облысының Қызылқоға ауданында ресейлік әскерилердің жалында 749,6 мың гектар жер болған еді».


Оның айтуынша 624,6 мың га (83,3 пайыз) жер мемлекеттік қорға қайтарылды. Жер қайтарылғаннан кейін екі жыл топырақ пен суға зерттеулер жүргізіліп, нәтижесі бойынша экологиялық қауіпсіз және ауыл шаруашылығына жарамды екені белгілі болды.



«Тайсойғанда бұрыннан полигон жерінде отырған 32 қыстақтың 53 мың 600 гектар жері заңдастырылып берілді. Олар шаруа қожалықтарын құрып, мал шаруашылығын өркендетумен тікелей айналысып жатыр. Ал жуық арада 90 шаруа қожалығына 118 900 гектар жер пайдалануға берілді», - дейді Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Жәнібек Тұрдағалиев. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#полигон #Жер #заң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);