AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ресейден маңызды тарихи құжат табылды

Ресейден маңызды тарихи құжат табылды

Әлеумет 12.10.2024, 04:24 2,443
Ресейден маңызды тарихи құжат табылды
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

«Архив-2025» бағдарламасы аясында Қазақстанның Ұлттық қолжазбалар және сирек кітаптар орталығы Ресейден табылған маңызды тарихи құжаттың көшірмесін жариялады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2022 жылы Мәскеуге жасалған ғылыми-зерттеу сапары барысында Ұлттық орталықтың мамандары XVII ғасырдың парсы тіліндегі «Тарих» қолжазбасын зерттеген. Қолжазбада Қазақ хандығының және оның Шығыс Түркістандағы моғол билеушілерімен қарым-қатынасы туралы деректер келтірілген.

Аталған кітап Мұхаммед Хайдар Дулаттың «Тарих-и Рашиди» еңбегінің жалғасы ретінде ұсынылған және Қазақ хандығының тарихын зерттеуде ерекше маңызды. Қолжазба авторы Шах Махмуд ибн Мирза Фазыл Чурас, ол Моғолстан тарихы бойынша бірнеше еңбектің авторы ретінде танылған, әрі бұл құнды дерек 30 жылға жуық жазылған. Оның «Тарих» еңбегі Шығыс Түркістан, Қырғызстан, Қазақстан және Орта Азия халықтарының тарихы туралы мол мәліметтерді қамтиды.

Қолжазба алғаш рет 1913 жылы Ташкентте Бақи-Жанбайдың жеке қолжазба қорынан табылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Архив-2025 #қолжазба #тарих
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);