ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Ресейде қазақ тілінде оқытатын 3 мектеп салынады

Ресейде қазақ тілінде оқытатын 3 мектеп салынады

Әлем 15.06.2024, 14:22 516
Ресейде қазақ тілінде оқытатын 3 мектеп салынады
Сурет: Polisia.kz
Бұл мәселе Астанада өткен отырыста талқыланды.

Бұл мәселе Астанада өткен отырыста талқыланды.

Астанада мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың қатысуымен Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі мен Ресей Федерациясы федералдық жиналысы мемлекеттік думасы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Палатааралық парламенттік комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Кездесу кезінде Қазақстан көрші елде қазақ тілінде оқытатын 3 мектеп салуды жоспарлап отырғаны белгілі болды.

Бұған дейін Тоқаев Қазақстанның оңтүстігінде 3 орыс мектебі салынатынын айтқан еді.

Палата спикері Ресей Қазақстанның сенімді одақтасы және стратегиялық серіктесі екенін атап өтті.

"Жыл өткен сайын біздің қарым-қатынасымыз тек нығая түсуде. Бұған көшбасшыларымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Владимир Владимирович Путиннің арқасында қол жеткіздік. Мемлекеттер басшылары әріптестікті дамудың жаңа деңгейіне көтерді. Қазақстанда халықтарымыздың санғасырлық достығы ерекше бағаланады", – деді Ерлан Қошанов.

Мәжіліс спикері Қазақстан мен Ресей арасындағы тату көршілік жылдарында достық пен сенімді нығайтуға бағытталған берік шарттық база қалыптасқанын атап өтті.

Сондай-ақ елдерімізді әлемдегі ең ұзын шекара байланыстыратынын айтып, былтыр өзара сауда көлемі айтарлықтай өскеніне, тауар айналымының шамамен 70 пайызы өңіраралық және шекара маңы саудасына тиесілі екеніне назар аударды. Оған екі елден мыңдаған компания мен миллиондаған адам тартылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.