AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ресейде қалып қойған қазақстандық жүк Еуропаға қа...

Ресейде қалып қойған қазақстандық жүк Еуропаға қалай жеткізіледі?

Әлеумет 13.04.2022, 05:24 1,131
Ресейде қалып қойған қазақстандық  жүк Еуропаға қалай жеткізіледі?
Сурет: Eldala.kz

Еуропаға жүктерді үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету үшін Транскаспий халықаралық көлік маршруты арқылы тасымалдау көлемін ұлғайту жұмысы жүріп жатыр - Үкімет басшысы


ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Мәжіліс өкілдерінің депутаттық сауалына жолдаған жауабында Ресейде қалып қойған тауарлар Еуропаға қалай шығарылатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Қалыптасып отырған геосаяси шиеленіс жаһандық жеткізілім тізбегіне әсер етіп, шикізат пен тауарлар бағасының өсуін, өңірдегі тасымал дәліздерінің өзгеруін қамтитын көптеген проблемаларды туғызады. Экономика мен бизнесте туындайтын проблемаларды шешу мақсатында Үкімет дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб құрды. Оның отырыстары аясында шет елдерге жүктерді тасымалдау мәселелері қаралды. Қазақстанның көлік логистикасын әртараптандыруға қатысты Еуропаға жүктерді үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету үшін Транскаспий халықаралық көлік маршруты арқылы тасымалдау көлемін ұлғайту жұмысы жүріп жатыр», - деп жазады Үкімет басшысы.



Яғни, Ақтау, Құрық, Баку, Батуми, Поти аралығын жалғайтын теңіз порттарының қуаты осы бағытта шамамен 7 млн тонна жүк өткізуге мүмкіндік бермек.



«Сонымен қатар Қазақстан мен Латвияның көлік ведомстволары арасында Ресей аумағында қалып қойған қазақстандық жүкті Рига және Вентспилс порттары арқылы Еуропаға тасымалдау туралы келіссөз жүргізілді. Бұл ретте Латвия тарапы алдағы уақытта өз порттарының қазақстандық транзиттік жүктерді қабылдап, өткізу қабілеті айтарлықтай жоғары деңгейде екенін хабарлады», - деп жазылған жауапта.



Айта кетейік, Грузия, Әзірбайжан, Түркия және Қазақстан арасындағы Middle Corridor бірлескен кәсіпорны әзірленіп жатыр. Ол 2023 жылдың басында немесе ортасында ресми дайын болуы мүмкін.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ресейдегі тауарлар #Еуропаға жеткізу #Жүк тасымалы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);