AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Ресейде коронавируспен тәулігіне 32 мыңнан астам а...

Ресейде коронавируспен тәулігіне 32 мыңнан астам адам тіркеліп жатыр

Әлем 15.10.2021, 16:10 1,411
Ресейде коронавируспен тәулігіне 32 мыңнан астам адам тіркеліп жатыр
inform.kz

15 қазандағы жағдай бойынша, Ресейде коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар саны 999-ға жетті. Бұл - пандемия басталғаннан бергі ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың мәліметтері бойынша, соңғы айда өлім-жітімнің ең жоғары мәні 14 рет жаңартылды, яғни орта есеппен әр екі күн сайын кезекті антирекорд тіркеліп отырды.


Ресми деректерге сүйенсек, соңғы айда Ресей Федерациясында коронавирустан 25 478 адам қайтыс болды, яғни бұл – пандемия кезінде қайтыс болғандардың жалпы санының 11,51 пайызы.


ДДҰ жаһандық рейтингінде Ресей соңғы 7 күнде коронавирустан қайтыс болғандар саны бойынша АҚШ-тан кейінгі 2-орында және пандемияның бүкіл кезеңінде 5-орында.


Соңғы тәулікте Ресейде коронавирустың 32 196 жаңа жағдайы анықталды, деп хабарлайды Роспотребнадзор сайты. Коронавирус жұқтырғандар саны бойынша көш бастап тұрғандар:


Мәскеу – 6 631 жағдай,


Санкт-Петербург – 2 632 және


Мәскеу облысы – 2 110 жағдай.


Ресей Федерациясында коронавирустың 7 926 176 жағдайы анықталды, 6 960 024 науқас жазылып шықты. Пандемия кезеңінде инфекциядан 221 313 адам қайтыс болды. Ал 1 581 572 адам медициналық бақылауда.


Өткен тәулікте 22 268 адам емделіп шықты. Эпидемиялық жағдайдың шиеленісуіне байланысты 30-дан астам өңір карантин режимін қатаңдатты, оның ішінде қоғамдық орындарға бару және көпшілік іс-шаралар үшін QR-кодтар, сондай-ақ вакцинадан өткендігі туралы сертификаттар енгізілді.


Жеке субъектілерде вакцина алуға міндеттелген қызметкерлер үшін қызмет салаларының тізімі енгізілді немесе кеңейтілді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ресей #ковид #антирекорд
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);