Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ресей Қазақстанның банан өсіру тәжірибесіне қызығу...

Ресей Қазақстанның банан өсіру тәжірибесіне қызығушылық танытуда

Әлеумет 28.11.2024, 12:27 932
Ресей Қазақстанның банан өсіру тәжірибесіне қызығушылық танытуда
Сурет: 24.kz

Қазір Ресей тарапы банан өсіретін қазақстандық компанияның тәжірибесіне қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Сенат кулуарында министрдің орынбасарына «Интерфаксте» «Ресей Қазақстанның банан өсіру тәжірибесіне қызығушылық танытты» деген ақпарат жарияланғанын сұраған. Осыған қатысты түсінік бере аласыз ба? Елімізде өсірілген банан Эквадордан жеткізілетін өнімнен арзан ба?» деген сұрақ қойылды.

Азат Сұлтанов қазіргі уақытта Түркістан облысында банан өсіріліп жатқанын хабарлады.

Бұл инвестициялық жоба жылына 1 мың тонна банан өсіруге мүмкіндік береді, бұл жалпы банан импортының шамамен 1%-ын құрайды. Қазір баға конъюнктурасы мен жеткізу шығынына байланысты бұл бананның құны ішкі нарықта бәсекеге қабілетті болып тұр. Себебі, қазіргі таңда банан өсіріп жатқан компания барлық партияны қайда жеткізетінін анықтап қойған. Халыққа өнім жетеді ме, жетпей ме? Өйткені ірі дүкендер желісі өнімді ірі көлемде сатып алуға қызығушылық танытуда, – деді вице-министр.

Ол сондай-ақ, мұндай өнімді өндіру үшін шығынды да есептеу керектігін атап өтті.

«Әріптестеріңіз біз апельсин, банан және мандаринді қашан өсіреміз?» деп сұрақ қойған. Мұндағы мәселе – өндірістің рентабельділігіне байланысты. Эквадор мен Бразилиядағы климат өнімді шығынсыз өндіруге мүмкіндік береді. Ал жылыжайда электр, жылу, тыңайтқыш шығыны бар. Өсімдікті қорғау үшін арнайы құралдар қажет. Бұл да шығынды талап етеді. Қазір бұл жоба рентабельділікке шыға алады. Сондықтан Ресей Федерациясы еліміздегі жеке компанияның банан өсіру тәжірибесіне қызығушылық танытты. Бұл өнім нарықта бәсекеге қабілетті болып тұр, – деді Азат Сұлтанов.

Сондай-ақ министрдің орынбасары Түркістан облысы мен батыста зәйтүн ағаштарын өсіру жоспарлары барын айтты.

«Біз тәжірибе жүргіздік. Нәтиже жақсы. Сондықтан біртіндеп осындай бірегей жобаларды іске асырамыз. Отандық өндірушілер дәстүрлі жеткізушілермен бәсекеге түсе алатын болады», – деді ол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Банан #ауылшаруашылығы #өнім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.