AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Ресей азаматтығын алған қазақстандық айыппұл арқал...

Ресей азаматтығын алған қазақстандық айыппұл арқалады

Заң мен тəртіп 04.10.2024, 18:05 1,780
Ресей азаматтығын алған қазақстандық айыппұл арқалады
ЖИ

Айыппұл мөлшері – жарты миллион теңге.

Қаржы мемлекет пайдасына толық көлемде өндірілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Атырауда қос азаматтығы бар адамға 516 мың 880 теңге айыппұл салынды. Облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы қос азаматтығы бар Құрманғазы ауданының тұрғынын анықтады. Ол Қазақстан Республикасында туып, 2002 жылы алғаш рет Қазақстан азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарын рәсімдеген. Алайда 2023 жылы Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдап, сол жылы шілдеде Ресей азаматтығын куәландыратын құжаттарын алған.

«Анықталған ер адамға ҚР заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс-құжаттар процессуалдық шешім қабылдау үшін Құрманғазы аудандық сотына жолданды. Сот шешімімен азамат кінәлі деп танылып, оған 140 айлық есептік көрсеткіш, яғни 516 880 теңге көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл мемлекет пайдасына толық көлемде өндірілді», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар аталған дерек негізінде 47-жастағы ер адамды Қазақстан азаматтығынан айырып, мәліметтер тиісті ақпараттық жүйелерге енгізілді.

Айта кетсек, жыл басынан бері Атырау облысында Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру туралы 192 дерек тіркелген. Оның ішінде 17 адам – қос азаматтығы бар адамдар. Сот шешімдерімен 15 адамға айыппұл салынса, 2 адам ҚР әкімшілік жолмен шығарылған. Оларға Қазақстан аумағына 5 жылға дейін кіруге тыйым салынды.

Қазақстан заңнамасы бойынша қос азаматтыққа тыйым салынған. Қазақстан азаматтығын алған тұлғалар 30 күн ішінде бұрынғы елінің паспортын тапсыруға міндетті. Бұл талаптар басқа мемлекеттің азаматтығын қабылдаған Қазақстан азаматтарына да қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#азаматтық #Қазақстан #Айыппұл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);