AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Рэпер Qarakesek тағы қамауға алынуы мүмкін - ІІМ

Рэпер Qarakesek тағы қамауға алынуы мүмкін - ІІМ

Заң мен тəртіп 26.09.2025, 09:55 620 Сұлу
Рэпер Qarakesek тағы қамауға алынуы мүмкін - ІІМ
Ашық дереккөз

Полиция танымал рэпер Qarakesek-ке қатысты есірткі сақтады деген күдікпен соталды тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

ІІМ мәліметінше, Омар Амантаев (Qarakesek) Ақтөбеде ұсталғаннан кейін, әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот оны мас күйінде автокөлік жүргізді деп кінәлі деп таныды. Амантаевқа 15 тәулікке қамау жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, ол 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.

"Есірткі құралдарын сақтау дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі – "Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды өткізу мақсатында емес, заңсыз сақтау" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ІІМ.

Егер рэпер есірткіні заңсыз сақтады деп кінәлі деп танылса, оған 160 АЕК-ке дейін (2025 жылы – 629 120 теңге) айыппұл салынуы, не 160 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылуы, не 40 тәулікке дейін қайта қамауға алынуы мүмкін.

Бұған дейін рэпердің тек әкімшілік қамауға алынғаны хабарланған болатын. Ал есірткі сақтау бойынша қылмыстық іс жайлы полиция айтпаған еді.

Еске салайық, қыркүйектің басында Ақтөбе полициясы 31 жастағы рэп-орындаушыны есірткілік мас күйінде ұстаған болатын. Оның жанынан ұнтақ зат салынған зип-пакет табылды.

Ұсталған адамның Qarakesek екені анықталды. Бұл - Омар Амантаевтың сахналық есімі. Ол 1994 жылы 17 қазанда Оралlf дүниеге келген. Әнші алғашқы шығармаларын интернетке қарапайым камера арқылы түсіріп, желіге жариялаған. 18 жасында алғашқы екі альбомын шығарды. Qarakesek Қазақстандағы ең үздік лирикалық рэп-орындаушылардың бірі саналады. Оның бейнебаяндарын YouTube-та миллиондаған адам көреді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Рэпер #Qarakesek #есірткі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);