конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Рэпер Qarakesek-ке 100 сағат қоғамдық жұмыс жазасы...

Рэпер Qarakesek-ке 100 сағат қоғамдық жұмыс жазасы белгіленді

Заң мен тəртіп 20.02.2026, 10:25 482
Рэпер Qarakesek-ке 100 сағат қоғамдық жұмыс жазасы белгіленді
Инстаграм

Qarakesek сахналық атымен белгілі рэпер Омар Амантаев сотта есірткіні заңсыз сақтағанын мойындады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Сот Амантаевты психотроптық заттарды сату мақсатынсыз заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп таныды. Оған 100 сағат қоғамдық жұмыс жазасы тағайындалып, психиатрдың бақылауында мәжбүрлі ем қабылдау міндеттелді. Сондай-ақ ол пробация қызметінің есебіне қойылады. Егер қоғамдық жұмыстардан жалтарса, өтелмеген сағаттар қамауға алмастыруы мүмкін.

Өткен жылдың тамыз айында рэпер есірткілік мас күйінде көлік тізгіндеп жүрген жерінен ұсталған. Тексеру кезінде одан 0,26 грамм мефедрон табылған. Сараптама бұл заттың есірткі екенін растаған.

Сотта Амантаев шамамен бір жылдан бері есірткі қолданатынын және емделуге ниетті екенін айтты.

- Кінәмді толық мойындаймын, айыптаумен келісемін. Синтетикалық затты тауып алдым. Сату ойымда болған жоқ, — деді ол сотта.

Прокурордың «Бұл заттың синтетикалық екенін қалай білдіңіз?» деген сұрағына ол: «Білемін, көргенмін», — деп жауап берген.

Омар Амантаев 31 жаста. Ол Батыс Қазақстан облысының тумасы, үйленген, төрт баланы тәрбиелеп отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Рэпер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16

Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 11:13

Үкіметте білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды

Бүгін 10:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);