конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Ректорларға қойылатын талаптар өзгерді

Ректорларға қойылатын талаптар өзгерді

Білім және ғылым 21.03.2024, 07:12 1,313
Ректорларға қойылатын талаптар өзгерді
primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен жоғары оқу орынының басқарма төрағасы – ректоры қызметіне үміткерлерді айқындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті. Аталған комиссияның құрамында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Ғылым және жоғары білім министрлігінің, ЖОО-лар қауымдастығының, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері және қоғам қайраткерлері бар.


Ең алдымен, жиынға қатысушыларға ректорларды жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың басқарма төрағасы – ректорын айқындау жөніндегі тәртіптің жаңа жобасы таныстырылды. Оған сәйкес үміткерлерге қойылатын талаптар күшейтіледі. Ең басты мақсат – тиімді менеджмент арқылы жоғары білім сапасын көтеруге ықпал ету. 



Жобаға сәйкес ректорлыққа үміткердің ғылыми дәрежесі болуы керек. Кандидаттың ғылыми атағы (профессор, доцент) да ескеріледі. Сондай-ақ білім және ғылым саласында кем дегенде 5 жыл басқару тәжірибесі болуы міндет. Үміткерден қазақ және орыс тілдерінде еркін сөйлей алу талап етіледі. Қосымша ағылшын тілін меңгергені де құпталады. Бұл тек ректорға қойылатын талаптардың бір бөлігі ғана.



Кезекті отырыс барысында бірнеше жоғары оқу орнының басшылығына үміткерлер тыңдалды. 


Қарағандыдағы Ә. Сағынов атындағы техникалық университетіне Сәуле Сағынтаеваның кандидатурасы бірауыздан мақұлданып, тағайындау туралы ұсыныс берілді. Ал екінші үміткер Ғылым және жоғары білім министрлігінің кадрлық резервіне енгізілді. Аталған ЖОО тау-кен ісі, геология, геодезия және картография, машина жасау, энергетика, көлік, сәулет және құрылыс, т.б. бағыттар бойынша мамандарды даярлайды. 


І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті – өңірдегі педагогикалық кадрларды әзірлейтін негізгі орталықтардың бірі. Оның ректоры қызметіне 3 үміткер қарастырылды. Нәтижесінде комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен Ермек Бүрібаевтың кандидатурасы ұсынылды. 


Рудный индустриалды университеті елдің және өңірдің еңбек нарығына негізінен техникалық ғылымдар мен технологиялар бойынша мамандарды дайындайды. Республикалық комиссия ректорлыққа 3 үміткерді қарастырды. Оқу орнын дамытуға бағытталған бағдарламалардың барлығы жоғары бағаланды. Нәтижесінде комиссия мүшелері ЖОО ректорын сайлауды қосымша қарастыру туралы шешім қабылдап, шараны кейінге шегеруді ұйғарды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#білім #ректор #Дүйсенова
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);