ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Спорт / Регби — мықтылардың таңдауы!

Регби — мықтылардың таңдауы!

Спорт 09.10.2025, 10:25 426
Регби — мықтылардың таңдауы!
Фото - Мағауия Нұрғалиев
Қыркүйекте Алматы қаласындағы АДК стадионында Қазақстанның жоғарғы лигасы командалары арасында регби-7 бойынша төртінші тур ойындары өтті. Біріншілік жеңімпазы бес тур қорытындысы бойынша...

Қыркүйекте Алматы қаласындағы АДК стадионында Қазақстанның жоғарғы лигасы командалары арасында регби-7 бойынша төртінші тур ойындары өтті. Біріншілік жеңімпазы бес тур қорытындысы бойынша анықталады. Бұл жолы да ойындар аса қызықты әрі тартысты өтті. Командалар екі топқа бөлініп, барлығы жеті ұжым бақ сынады.

Финалдық Алматы облысының «Бейбарыс» командасы мен Астана қаласының құрамасы кездесіп астаналықтар 27:0 есебімен жеңіске жетті

Үшінші орын үшін тартысты ойын Ақтаудың «Каспий» командасы мен Алматының «Гвардия-Динамо» ұжымының арасында өтті. Тәжірибелі «Каспий» бұл кездесуде 36:10 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің жүлделі үшінші орнына ие болды.

Ал әр тур сайынғы басты бәсеке биыл да дәстүрлі сипат алды – финалда тағы да Алматының «Азия-спорт Динамо» және Талдықорғанның «Олимп» кәсіби регби клубы кездесті. Бұл екі команда – еліміздегі ең мықты ұжымдар, сондықтан олардың кездесуі әрдайым көрерменге қызықты әрі тартысты ойын сыйлайды. Қос ұжым бір-бірінің стилін жақсы меңгерген. Қазақстан құрамасының негізгі құрамы да осы екі команданың ойыншыларынан жасақталған.

Бұл жолғы бәсекеде Алматы командасы 26:5 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Айта кету керек, соңғы жылдары елімізде ерлер мен әйелдер құрамаларының регби-7 ойынындағы деңгейі айтарлықтай жақсарды. Бұған Оңтүстік Африка Республикасынан (ОАР) келген білікті бапкерлердің үлесі зор. Әйелдер құрамасына кеңесші ретінде қосылған — Фабиан Джурис. Ал ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы болып Людвич Германус тағайындалды. Сонымен қатар, ерлер мен әйелдер құрамаларының жалпы дайындығына жауапты жаттықтырушы қызметін Йоханнес Зариашқарис атқарады.

2025 жылдың тамыз айында Қазақстан регби федерациясы ерлер мен әйелдер командалары үшін ОАР-да үш апталық оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастырды. Бұл жиындар командалар үшін өте пайдалы әрі нәтижелі болды. Әйелдер құрамасының жаттықтырушысы Светлана Ключникова жиын барысында көптеген жаңа идеялар, стратегиялық тәсілдер мен заманауи жаттығу әдістерін үйренгенін атап өтті. Жиын барысында біздің құрамалар ОАР премьер-лигасының командаларымен жолдастық кездесулер өткізді. Қарсыластармен тең дәрежеде ойнап, бірде жеңіп, бірде жеңіліп отырды. Ал әлем чемпионы саналатын ОАР құрамасына қарсы ойында біздің ойыншылар есе жіберді.

Қазақстан құрамасының капитаны Расулмагомед Магомедов бұл жиындардың жоғары деңгейде өткенін, әлемдік деңгейдегі үздік командалармен кездесіп, тәжірибе жинағандарын айтты. Оның айтуынша, ОАР командалары өте жылдам әрі техникалық жағынан жақсы ойнайды, ал біздің құрамалар күшті әрі физикалық қарымымен ерекшеленеді.

Алдағы уақытта Қазақстан құрамалары Оман мемлекетінде өтетін Азия лигасына іріктеу турниріне қатысып бақтарын сынап, Азияның жоғары дивизионына жолдама алуға тырасады.

Үмітіміз зор — кәсіби мамандардың жетекшілігімен отандық регбишілеріміз жаңа белестерді бағындырады деп сенеміз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,428 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.